Әлібек Аманбай 1989 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
2011 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», 2013 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құрылыс», 2015 жылы Тараз инновациялық гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының инженері болып бастаған.
2013-2018 жылдары аралығында Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, 2019 жылы Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2019-2021 Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек етті.
2021 жылғы тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келген.