• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сұрат ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

turan_admin turan_admin
30.12.2021, 09:40
Облыс жаңалықтары
Сұрат ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
349
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының Сұрат ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу  салтанаттына қатысты.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындай отырып, өңірде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар кезең — кезеңімен нәтижелі жүзеге асып келеді, — деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысы тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Бір мезетте 30 науқас жүгіне алатын дәрігерлік амбулаторияның құрылысын «AKM Group» ЖШС жүргізген. Жобалық құны 157,1 млн. теңге. Нысанда барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған жеке зертхана мен дәрігерлік кабинеттер қарастырылған.

Тұрғындар атынан сөз алған ақсақал Есімбек Адамбаев ризашылығын жеткізді.

– Заманауи үлгідегі медициналық орталықтың ашылуы – барша ауылдықтар үшін үлкен қуаныш. Енді біз үшін білікті медициналық көмек немесе кеңес алу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Мемлекет және облыс басшылығына алғыс айтамыз, – деді ол.

Аймақ басшысының Меркі ауданындағы жұмыс сапары мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығының иппотерапия бөлімшесінде жалғасты.

Сарымолдаев ауылындағы 2018 жылы ашылған, ауысымына 25 келушіні қабылдауға арналған оңалту және бейімдеу орталығында 30 маман жұмыс істейді. Мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы жүйелі жұмыстар аясында осыдан бірер ай бұрын орталықта иппотерапия бөлімі ашылған болатын.

– Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына иппотерапияның пайдасы туралы жан-жақты түсіндіру керек. Келер жылы бұл бөлімше кеңейтіле түседі, ол үшін барлық мүмкіндіктер жеткілікті. Жылқы санын көбейту қажет. Мұндай орталықтар облыстың басқа аудандарында да ашылады. Барлық балалардың физикалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты және табысты болашағы үшін жағдай жасауға тиіспіз. Ерекше қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беру процесіне тартылуы керек. Олардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болуы аса маңызды,– деді облыс әкімі.

Ата-аналар да өз кезегінде аттармен жұмыс нәтижесінде балалардың әртүрлі бұлшық ет бөліктері нығайып, психоэмоционалды және тіпті сөйлеу жағдайы жақсара түскенін атап өтті.

Сарымолдаев ауылында «Меркі жолдары» ЖШС әрқайсысы 4 пәтерден тұратын 6 бір қабатты үйдің құрылысын жүргізуде.

— Пәтер кілттерін баспаналы болуды асыға күтіп жүрген кезектегі тұрғындарға тезірек тапсыру керек, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының активімен кездесуде жұмыс сапарын қорытындылады. Жиында облыс әкімі жауапты тұлғаларға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді жақсарту бойынша бірқатар маңызды міндеттер жүктеп, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.