• Главная
  • О нас
  • Реклама
  • Контакты
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:27
TURANINFO.KZ
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
No Result
Посмотреть все
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
No Result
Посмотреть все
TURANINFO.KZ
No Result
Посмотреть все

Жамбыл облысының әкімдері. Бөрібай Жексембин.

turan_admin turan_admin
26.01.2017, 09:41
Аналитика, Новости области
Жамбыл облысының әкімдері. Бөрібай Жексембин.
627
просмотров
FacebookWhatsAppTelegramTwitter

Қай деңгейдегі басшы болмасын билік тізгінін ұстап отырғаннан кейін сын да көп болады, оған берілетін баға да әр түрлі айтылады. Серік Үмбетов секілді іскерлігімен танылған, айтары бар қайраткер азаматтан кейін 2004 жылдың қара күзінде облыс әкімі болып Бөрібай Жексембин келді. Ол Жамбыл облысын 5 жылдан аса уақыт жемісті басқарды деп айтуға негіз бар. Оған тарих куә.
Бөрібай Биқожаұлы өзіміздің облыстың тумасы. Аймаққа басшысы болғанға дейін біздің облыста әкімнің орынбасары қызметін абыроймен атқарған. Ал сол әкімнің орынбасары лауазымына тағайындалатын 1999 жылдың наурызына дейін Жезқазған облысы облысына жоғары оқу орнының жолдамасымен барып, сонда еңбек жолын бастаған. Аталған облыстың Ағадыр ауданында кеңшардың зоотехнигі, Приозерск ауданында ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, кеңшар директоры, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Жезқазған облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы, Жезқазған облысы әкімшілігі басшысының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. 1996 жылы оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру және бақылау бөліміне инспекторлық қызметке тағайындалды. Бұл қызмет арқылы ол өзінің қабілет-қарымын толық көрсете алды. Ал 1999 жылдың наурызында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне шақырылды.
Жалпы Бөрібай Жексембиннің туған облысындағы қызығы мен қиындығы қатар өрбіген 10 жылы осылай басталды. Және жеміссіз болған жоқ. Сол ХХ ғасырдың соңғы жылында облыс әкімінің орынбасары бола салысымен орынбасармын деп нұсқау күтіп отырмастан, аймақтың күллі агроөнеркәсіп кешені саласының күрмеуін тарқату үшін уақытпен санасқан жоқ. Мәселен, ол Сарысу ауданының шалғайдағы Шу өзені бойындағы Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл елді мекендерінің бірқатар әлеуметтік мәселелерін бірден шешіп, бюджеттен қосымша қаржы қарастырылуына ықпал еткенін былайға жұрт кешегіге дейін есінде сақтап келді.
Бөрібай Жексембин облыс тізгінін ұстаған 2004 жыл – шын мәнінде Тәуелсіздігіміздің мәуелі жемісінің алғашқы нәтижелері көріне бастаған кез болатын. Облысымыздың әлеуметтік және экономикалық дамуында оң көрсеткіштерге қол жете бастады. Мәселен, тоқырауға ұрынған қала құрылысына жан бітті. Қирап қалған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы жанданды. Қала көшелерінің ортасында ыстық суы мен суық суы шапшып жататын шұрқ тесік жылу, су жүйелері қалпына келтіріле бастады. Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларында осы саладағы күрделі жұмыстарының басы бастады. Тараз қаласын дамытудың және кеңейтудің жаңа серпінді бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды. Облыс орталығында өткен ғасырдың 80-ші жылдардың соңында тоқтап қалған тұрғын-үй кешенін салу қайта оянып, тарихи шаһардан 12-ші «Астана» мөлек ауданы бірер жылдың ішінде-ақ бой көтерді. Қаланың басты көшесі болып табылатын Төле би даңғылының бойынан ҚР Тұңғыш Президент саябағы салынды. Тоқсаныншы жылдардың басынан басталған облыстағы күре жолдардың бітпейтіндей болған жырына Бөрібай Биқожаұлы қозғау салды деуге әбден болады. Өйткені, Мойынқұм мен Шуға, Меркі мен Қордайға, Жаңатас пен Қаратауға, Ақкөл мен Саудакентке апара жолдарды жөнге келтірді.
Жалпы ол әкім ел аралай жүргенде және өзінің қатысуымен өтетін жиындарда жекелеген ұсыныстарды байыппен тыңдайтын, айтылған мәселе ортақ іске пайдасы тиеді-ау деп түйсе оң шешім қабылдайтын.
Бөрібай Биқожаұлы Жексембин облысты 5 жыл табысты басқарғаннан кейін Президент Жарлығымен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметіне тағайындалды. Осы қызметті абыроймен атқарып зейнет демалысына шықты. Бүгінгі күннің өзінде қоғамдық өмірден қол үзбей, ел дамуына өз үлесін қосып келеді.

Теги: әкімбиқожабөрібайЖамбыл облысыжексембиноблыс әкімдеріТаразшу
ПоделитьсяОтправитьПоделитьсяTweet

Похожие записи

В Жамбылской области системно развиваются меры занятости и социальной поддержки населения

В Жамбылской области системно развиваются меры занятости и социальной поддержки населения

03.09.2026, 10:54
В Жамбылской области подвели итоги купального сезона 2026 года

В Жамбылской области подвели итоги купального сезона 2026 года

03.09.2026, 10:52
Самые читаемые материалы Turaninfo.kz за август: что заинтересовало читателей больше всего

Самые читаемые материалы Turaninfo.kz за август: что заинтересовало читателей больше всего

02.09.2026, 11:06
«Ауыл аманаты»: в Жамбылской области запустят 8 туристических глэмпингов

«Ауыл аманаты»: в Жамбылской области запустят 8 туристических глэмпингов

01.09.2026, 11:20

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Казахстан и Лаос: важный шаг к укреплению дружбы и расширению сотрудничества

03.09.2026, 17:37

Сегодня мы впервые отмечаем День казахского тазы и тобета.

03.09.2026, 11:07

В Жамбылской области системно развиваются меры занятости и социальной поддержки населения

03.09.2026, 10:54

В Жамбылской области подвели итоги купального сезона 2026 года

03.09.2026, 10:52

В поликлиниках Казахстана сократили срок ожидания приема до 1-3 дней

02.09.2026, 18:00

САМОЕ ЧИТАЕМОЕ

  • Что грозит экс депутату Бахытжану Базарбек?

    Что грозит экс депутату Бахытжану Базарбек?

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Родственники пострадавшего опровергли версии о «подставе»: Базарбек впервые прокомментировал ДТП

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Шахматы выше закона? В Таразе разгорелся спор вокруг кафе «CHESSRUN»

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Дочь Мирзиёева получит еще один высокий пост

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Мырзабосынов вручил государственные и ведомственные награды в День спорта

    Поделиться
    Поделиться Tweet

Сайт был зарегистрирован в Комитете информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан 19 марта 2018 года и получил свидетельство №16981-ИА.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Главная
  • О нас
  • Реклама
  • Контакты

© 2016-2026. Информационный агентство «Turaninfo.kz». Все права защищены.

No Result
Посмотреть все
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. Информационный агентство «Turaninfo.kz». Все права защищены.