• Главная
  • О нас
  • Реклама
  • Контакты
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 06:15
TURANINFO.KZ
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
No Result
Посмотреть все
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
No Result
Посмотреть все
TURANINFO.KZ
No Result
Посмотреть все

Тараз тарихы — Ел тарихы

turan_admin turan_admin
02.01.2017, 16:30
Закон, Новости области
Тараз тарихы — Ел тарихы
620
просмотров
FacebookWhatsAppTelegramTwitter

Жамбыл облысы еліміздегі тарихы ең бай өлкелердің бірі. Дәл осы өңірде Талас пен Шу өзендерінің аралығында 550 жыл бұрын Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргесін қалады. Бұдан өзге 2000 жылдық тарихы бар көне шаһардың тарихы әлі де болса ашылып біткен жоқ. Дегенмен қазіргі таңда өңір тарихшылары аянбай еңбек етіп, көненің көзіндей сақталған қолда бар құнды жәдігерлерімізді сақтап оны жас ұрпаққа насихаттауда жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, бұл тұрғыда өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдері де біршама тірліктің басынан табылып, тасқа қашалған тарихымызды жас ұрпақ бойына дәріптеп, насихаттау жолында жүйелі жұмыс атқаруда. Мәселен, «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігі«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мекемесінің «Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін әлеуметтік желілерде насихаттау және таныстыру» мақсатында бірқатар ілкімді істерді атқарды. Қоғамдық бірлестік әуелі аталған мекеменің ұйытқы болуымен «Тарих ізімен» атты экскурсиян ұйымдастырды. Шараға «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мен Н.Тілендиев мектебінің озат оқушылары қатысты. Экскурсия «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы мен Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртас» археологиялық кешенінде өтті. 100-ден аса оқушы тартылған шара «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығынан бастау алды. Онда жиынға қатысушы оқушыларға «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исламбек Дастан экскурсияның мақсаты — өскелең ұрпақты өңіріміздің тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыра отырып, тарихқа деген қызығушылығын арттыру, өскен жерінің өткеніне көз жүгірте отырып, патриоттық сезімін дарыту екендігін жеткізді. Сонымен қатар қоғамдық бірлестік жетекшісі оларға өткенді білмей болашақты болжау қиын екендігін де қадап айтты. Экскурсия барысында тариxшы маман, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мекемесінің бөлім жетекшісі Сауран Қалиев оқушыларды тарихи орындармен таныстырды. Осы арқылы оқушылар тарих тынысымен тыныстап, археологиялық заттардың маңыздылығын түсініп, қазба байлықтарға қызығушылығы артты. Өз кезегінде оқушылар білікті маманмен еркін сұхбаттасып, көкейлеріндегі сұрақтарды қою арқылы жауап алды.

Сондай-ақ Меркі ауданы, Ақтоған ауылдық округі №4 Тілеміс батыр орта мектебінде 16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік — тұрақтылық пен өркендеудің кепілі» атты тақырыпта ғылыми-танымдық семинар өтті. Шарада Тараз мемлекетттік педогогикалық институты «Қазақстан тариxы» кафедрасының меңгерушісі Әуесxан Шашаев пен Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «тариx» кафедрасының оқытушысы Жанғасар Аягөзов баяндама оқып, ауыл жастарымен пікірлесті. Басқосуға ауыл жастары мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Басқосуды ашып жүргізген «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының көмекшісі Шынболат Сейдуалиев Тәуелсіздік туралы ой өрбітіп, жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар аталған тақырыптағы ғылыми-танымдық семинар Тараз инновациялық-теxникалық университетінде өз жалғасын тауып, онда тарихшылар Тәуелсіздіктің тарихи шежіресіне тоқталып, төл тарихымызды қалыптастыруда тарихшы – ғалымдардың жарық көрген зерттеулері мен тың туындалары туралы мәлім етті. Аталған оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысқан басқосуда олар да белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Олар биылғы жылдың ерекшелігін тілге тиек етіп, Ұлт азаттық көтерілісі және Желтоқсан оқиғасы туралы ой өрбітті. Сондай-ақ тарихшы ұстаздарға сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.

Сонымен қатар өңірдің тарихынан сыр шертетін тарихи орындардағы тастар туралы сыр шертетін «Тасқа қашалған тарих» атты әдістемелік құрал дайындалды. Онда облыстың әр ауданындағы тарихи орындар мен сыры мәлім де беймәлім тастар туралы фото суреттер мен деректер топтастырылды. Мұнымен қоса «фейсбук» және «вконтакте» әлеуметтік желілерінде аймақтың тарихынан сыр шертетін ежелгі орындар турасында 120-ға жуық посттар жарияланды. Жарияланған ол посттарға түрлі пікірлер айтылып, желі қолданушылары бөлісті.

Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мекемесінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде қаламыздың мәдени және тарихи орындар туралы бейнероликтер түсірілді. Ол бейне роликтерде тарихи орындармен қатар шаһарда өткен ғасырдан бері бой көтерген түрлі еңселі ескерткіштер, әкімшілік ғимараттар бейнеленді. Сондай-ақ аталған бейнеролик әлеуметтік желілерде және «youtube» бейне хостингінде жарияланды.

ПоделитьсяОтправитьПоделитьсяTweet

Похожие записи

В Аулиеатауском районе выявлен факт нарушения правил благоустройства

В Аулиеатауском районе выявлен факт нарушения правил благоустройства

15.10.2026, 00:06
Четвертая крупная находка за три недели: в Шу у местного жителя изъяли больше 10 кг гашиша

Четвертая крупная находка за три недели: в Шу у местного жителя изъяли больше 10 кг гашиша

05.10.2026, 17:30
КОЛЕЯ НА ПЕРЕВАЛЕ КУЮК: ПОДРЯДЧИКА ЗАСТАВИЛИ УСТРАНИТЬ ДЕФЕКТЫ ЗА СВОЙ СЧЕТ

КОЛЕЯ НА ПЕРЕВАЛЕ КУЮК: ПОДРЯДЧИКА ЗАСТАВИЛИ УСТРАНИТЬ ДЕФЕКТЫ ЗА СВОЙ СЧЕТ

05.10.2026, 16:01
«ДОМ СЫРЕЕТ, СОЛНЦА НЕТ»: ЖИТЕЛЬНИЦА ТАРАЗА ТРЕБУЕТ СНЕСТИ ТРЕХЭТАЖНУЮ БАНЮ

«ДОМ СЫРЕЕТ, СОЛНЦА НЕТ»: ЖИТЕЛЬНИЦА ТАРАЗА ТРЕБУЕТ СНЕСТИ ТРЕХЭТАЖНУЮ БАНЮ

01.10.2026, 09:41
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

В районе Әулиеата наводят санитарный порядок

15.10.2026, 09:10

В Аулиеатауском районе выявлен факт нарушения правил благоустройства

15.10.2026, 00:06

Токаев встретил Короля Филиппа и Королеву Матильду в Акорде

12.10.2026, 16:23

В Казахстане пройдут выборы депутатов маслихатов

12.10.2026, 16:18

Казахстан предложил Оману создать зерновой хаб и резервный фонд

07.10.2026, 17:03

САМОЕ ЧИТАЕМОЕ

  • «Біртұтас ел – Біртұтас жер» — новый идеологический принцип

    «Біртұтас ел – Біртұтас жер» — новый идеологический принцип

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • «ДОМ СЫРЕЕТ, СОЛНЦА НЕТ»: ЖИТЕЛЬНИЦА ТАРАЗА ТРЕБУЕТ СНЕСТИ ТРЕХЭТАЖНУЮ БАНЮ

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • СПУСТЯ ПОЧТИ ГОД СУД РАЗРЕШИЛ ЭКСГУМАЦИЮ: ОТЕЦ УМЕРШЕГО НЕ СОГЛАСЕН С РЕШЕНИЕМ СУДА

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Проезд за вознаграждение»: Салмаева подозревают в получении более 40 млн тенге

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Все счастье земли – за трудом

    Поделиться
    Поделиться Tweet

Сайт был зарегистрирован в Комитете информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан 19 марта 2018 года и получил свидетельство №16981-ИА.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Главная
  • О нас
  • Реклама
  • Контакты

© 2016-2026. Информационный агентство «Turaninfo.kz». Все права защищены.

No Result
Посмотреть все
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. Информационный агентство «Turaninfo.kz». Все права защищены.