• О НАС
  • РЕКЛАМА
  • КОНТАКТЫ
Русский
Қазақша
Обратная связь
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Главная
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Здоровье
  • Новости
    • Общество
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Жизнь региона
    • Новости города
    • Новости района
    • Рейтинг руководителей
    • Аналитические информации
    • Абырой
  • Спорт
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Главная
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Здоровье
  • Новости
    • Общество
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Жизнь региона
    • Новости города
    • Новости района
    • Рейтинг руководителей
    • Аналитические информации
    • Абырой
  • Спорт
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result

Шәмші әндері шырқалды

16.02.2017
0
Шәмші әндері шырқалды
571
ПРОСМОТРЫ
FacebookTwitter

«Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен қазақ вальсінің королі, күллі қазақ даласының ән қоржынына әуезді әндерінен маржан тізген Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмшінің шарықтаған әндері» атты кеш болып өтті. Шәмшінің есімін ұлықтап, әндерін кеңінен насихаттап, ұрпаққа қалдырған ән мұрасына құрметпен қарауға бағытталған игілікті шара шымылдығы Шәмші әндерінің поппуриімен ашылды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұловтің жетекшілігіндегі қазақ ұлт-аспаптар оркестрі сүйемелдуімен ҚР мәдениет қайраткер Рәзия Мәдіханова «Қайықта» әнін шырқаса, талантты әнші Жанатбек Кәдіров «Арқалықтың ақ таңы» әнін, Әсел Уашева «Айналдым ақ маңдайлым» әнін орындап халықтың ыстық ықыласына бөленді. Кеш барысында ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты шоқтығы биік музыкалық драмасын Облыстық қазақ драма театрының әртістері сахналап Ұлы композитордың ғұмырынан сыр шертті. Шәмшінің ең танымал «Ана туралы жыр», «Кешікпей келем деп ең», «Ақ бантик» атты ұмытылмас әндері залдағы көрермендермен бірге шырқалды. Концерт барысында композитордың «Дүнген қызы» әнімен дүйім жұртшылыққа танымал болған Ғани Мәтебаев, облысқа белгілі «Тараз триосы», Торғын Орынбаева, Мадина Сағынбекова, Оңал Азаматова, Маралбек Бабақұлов, Анна Вундер, Балдат Бейсеқожа, Гүлшат Тинасилова сынды талантты әншілер Шәмші әндеріне шөлеркеп келген халыққа әннен маржан төкті. Сахна төрінде орналасқан Led-экраннан Ұлы композитордың ғұмыры мен әндері хақында бейнесюжеттер көрсетілді. Қазақ вальсі королінің әндерін жанды дауыста шырқап концертке атсалысқан әншілер кеш соңында бүгінде еліміздің әнұраны болып әуелеп жүрген «Менің Қазақстаным» әнін бірге шырқады.

Арайлы Жақсылық




Теги: 2017 жыләнЖамбыл облысыҚалдаяқовТаразфилармонияШәмші

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Популярные новости

Каждый голос имеет вес!

Каждый голос имеет вес!

08.07.2026
0

Генпрокуратура призывает участников избирательного процесса строго соблюдать требования закона

Генпрокуратура призывает участников избирательного процесса строго соблюдать требования закона

08.07.2026
0

Список избирателей – важный механизм обеспечения избирательных прав граждан

Список избирателей – важный механизм обеспечения избирательных прав граждан

08.07.2026
0

«Таза Қазақстан» начинается с бережного отношения к природе

«Таза Қазақстан» начинается с бережного отношения к природе

08.07.2026
0

Жамбылская область остается в числе регионов с низким объемом IT-услуг

Жамбылская область остается в числе регионов с низким объемом IT-услуг

08.07.2026
0

  • О НАС
  • РЕКЛАМА
  • КОНТАКТЫ
Телефон: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. Информационный агентство «Turaninfo.kz». Все права защищены.
При использовании материалов информационный агентство «Turaninfo.kz» гиперссылка на веб-сайт обязательна


No Result
View All Result
  • Главная
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Здоровье
  • Новости
    • Общество
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Жизнь региона
    • Новости города
    • Новости района
    • Рейтинг руководителей
    • Аналитические информации
    • Абырой
  • Спорт
  • ВИДЕОБЛОГ
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. Информационный агентство «Turaninfo.kz». Все права защищены.
При использовании материалов информационный агентство «Turaninfo.kz» гиперссылка на веб-сайт обязательна