• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Құрмаш Махан мен Индира Расылханның қатысуымен гала концерт өтті

30.07.2017
0
Құрмаш Махан мен Индира Расылханның қатысуымен гала концерт өтті
349
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

АСТАНАДА «ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бес күн бойы астаналықтар мен елорда қонақтарына ежелгі Тараздың 2000 жылдан аса тарихын таныстырып, Әулиеата жерінің тұмса табиғатын әнге арқау етіп, бас қаланың абыройын асқақтатып, Сарыарқаның сары даласына 1500 шақырым жерден керуен аттандырып жұртшылықты таң тамаша еткен Жамбыл облысының мәдениет күндері өз мәресіне жетті.
Бір жұма ішінде мамыр айында Тараздан Астанаға бет бұрған «Көне Тараздан – асқақ Астанаға тарту» этно-керуенінің елордаға жетуі, «Ханшатыр» ойын сауық орталығы маңындағы «Ғашықтар саябағында» Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен өткен Жамбыл облысының аудан өнерпаздарының күн сайынғы мерекелік концерттері, «Қазанат» қалалық ипподромындағы Этноауылда өткізілген мәдени-көпшілік шаралар, аспан астындағы «Тараз-тарихтың діңгегі» атты көрмесі, ЭКСПО маңындағы Амфитеатрда қалың көпшілікті, елордаға келген туристерді өнерлерімен таң-тамаша еткен Қазақстанға белгілі мәдениет қайраткерлері мен облыс әншілерінің «Әуені әсем Әулиеата» атты гала концерті, облыстық ақындар айтысы, Жамбыл облыстық қазақ және орыс драма театрларының аншлаг жасаған қойылымдары, ұлттық спорт ойындарының өткізілуі, Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесі, қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесі және бұдан өзге бірнеше атаулы шараның барлығы еліміздің әлем алдында абыройын асқақтатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Тараз жерінің үлкен тартуы болып саналады. Осы аптаның ішінде Астана қаласының жұртшылығы Тараз жерінің тарихымен танысып, ұлттық сәлт-дәстүрімізбен сусындап, ән мен жырға бөленіп шат-шадыман күйге бөленді.
— 26-шілде мен 30 шілде аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Жамбыл облысы күндері өз деңгейінде өтті. Бұл атаулы күндерге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасына қарасты барлық мекемелер, аудандардың өнер ұжымдары, ЖОО өнерпаздары белсене атсалысты. Осы бес күн ішінде қазақ ұлтының барлық салт-дәстүрлері дәріптелді. Бұл мәдени көпшілік шаралардың басты ерекшеліктері — Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен тоқтаған Тараз жерінен тарту ретінде «Көне Тараздан – асқақ Астанаға тарту» атауымен үлкен керуеннің елордаға келуі және «Ханшатыр» ойын-сауық орталығының алдындағы «Ғашықтар саябағына» тарихи Тараздың 300 ден аса көне археологиялық жәдігерлермен бірге әмбебап, жаңа технологиялы голлограммасы бар киіз үйдің астаналықтардың назарына ұсынылуы болды. Тағы айта кетерлік жәйт, осы орында көпшілік үшін күн сайын аудан өнерпаздарының концерті қойылды. Астаналықтардың мәз-мейрам, шаттыққа толы жүздерін көріп, «ЭКСПО-2017» көрмесіне сый ретіндегі Жамбыл облысының мәдениет күндері өз деңгейінде мәнді, мазмұнды болып өтті деген ойдамын — деді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,құжаттама және архивтер басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.




Мәдениет күндерінің ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен бірге Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов арнайы қатысып Тараздықтардың мерейін асырды.
Мәдениет күндері барысында Тараздық Әсел Уашева, «Ақкербез» би ансамблі, Бахром Муминов, «Bryce» тобы сынды жас таланттардың жұлдызы жанғаны жасырын емес. Оны халықтың ерекше қошемет қолдауынан айқын аңғардық. Астаналықтардың түрлі шаралар барысында бұл өнерпаздарға деген құрметі мен ықыласы ерекше болды.
Осылайша жоғары дәрежеде өткен Жамбыл облысының мәдениет күндері «Ханшатыр» ойын сауық орталығы маңындағы «Ғашықтар» саябағында облыс өнерпаздары мен эстрада жұлдыздарының «Таразым – тарих ақ таңы, Астанам – елдің мақтаны!» атты гала концертімен аяқталды. Қорытынды шараға елімізге танымал және Әулиеата өңірінің мақтаныштары Сәуле Желдібаева, Құрмаш Маханов, Индира Расылхан, Оңал Азаматова, Мадина Сағымбекова, Маралбек Бабақұлов, Жанна Асанқұлова сынды әншілер мен өнерпаздар қатысты. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Астана қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының тікелей ұйымдастыруымен өткен Жамбыл облысы күндері талайға дейін бұқараның есінен кетпесі мәлім. Халықтың қуанышты жүзі мен шаттыққа толы жүздерін байқадық. Жамбылдықтар осылайша Астанаға арнайы ат арылтып келіп дүбірлі әрі маңызды күндерді керемет деңгейде өткізіп өз діттеген мақсаттарына жетті.

Арайлы Жақсылық

Тегтер: Astanaexpo-2017АстанаТаразэкспо-2017
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

02.06.2025
Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

02.06.2025
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

02.06.2025
Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

02.06.2025
Тоқаев «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

Тоқаев «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

02.06.2025
Еркін күрестен өткен турнирде төрт бірдей жүлде!

Еркін күрестен өткен турнирде төрт бірдей жүлде!

02.06.2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған жекпе-жек!

Жеңістің 80 жылдығына арналған жекпе-жек!

02.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты