• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

РЕВИЗОРЛАРМЕН 23 МАТЕРИАЛ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ЖОЛДАНДЫ

27.12.2021
0
РЕВИЗОРЛАРМЕН 23 МАТЕРИАЛ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ЖОЛДАНДЫ
502
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары  белгілі болды.

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы есепті кезеңде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 13, 29 бабтарына және бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне сәйкес, 17 мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізді. Оның ішінде: мемлекеттік аудит іс-шаралары — 8, сараптамалық-талдау іс-шаралары — 9. Мемлекеттік аудитпен 124 950 804,8 мың теңге қаражат қамтылды 

Лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің орын алуына байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін 23 материал құқық қорғау органына, атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне 2 материал, Қазақстан Республикасы қаржы мониторингі агентігінің Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне (бұдан әрі — Жамбыл облысы бойынша ЭТД) 21 материал жолданды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне жолданған 2 материал қаралу үстінде. Ал Жамбыл облысы бойынша ЭТД-ның ақпаратына сәйкес, 1 материал бойынша қылмыстық іс қозғалып, Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотының үкімімен үш жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. 1 материал Жамбыл облысы прокуратурасына процесуалдық шешем қабылдау үшін жолданған. 3 материал қызметтік тексеру жүргізуге және кінәлі адамдардың тиісті жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін Жамбыл облысы әкімі аппаратына жолданған. 12 материал анықталған залал, елеулі зиян немесе заңсыз кіріс туралы мәліметтері жоқ деп қайтарылды, 4 материал қаралу үстінде. 

Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 63 қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 44-ескерту, 18-сөгіс, 1-қатаң сөгіс. Сонымен қатар, 64 қызметшілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 235,2 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Лауазымды тұлғалардың тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңнама талаптары бұзылғандықтан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 222 материал әкімшілік шара қолдану үшін Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданып, нәтижесінде 141 материал бойынша жалпы сомасы 10 869,6 мың теңге айыппұл салынды, 77 материал қаралу үстінде, 4 материал бойынша әкімшілік шара қолдану мерзімі өткен және жауапкершілікке тарту негізсіз деп шара қолданылмады.

Сондай-ақ, Тексеру комиссиясының өз құзыреті шеңберінде берген заң талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін және қызметтік авто көлікті бекітілген заттай нормалардан артық пайдаланғаны үшін 3 материал сот органына жолданып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 234-1 бабы және 462-бабының 3 — тармағына сәйкес 265,4 мың теңге айыппұл салынды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының нәтижесінде негізгі анықталған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер

Бюджеттік бағдарламалар бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісілмеген және тиісті әкімшісі басшысының құжаты мен бекітілемеген. Жолаушыларды тасымалдау бойынша бағыттар тарифтері белгіленбегеніне қарамастан жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік мәні бар залалды маршруттарын субсидиялауға бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған. Жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы шілде айының басында шектеу шараларының, оның ішінде карантин мен төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңінде, соның нәтижесінде балалар мектепке дейінгі ұйымға бармауына қарамастан, мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру туралы қаулы қабылдаған.

Құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етілмеген. Несие шарты бойынша қабылданған міндеттемелері тиісінше орындалмаған, түпкілікті қарыз алушылардың алған несиелерін мақсатына сай пайдалану бойынша тексеру жүргізілмеген, түпкілікті несие алушының тарапынан сатып алынған негізгі құралдары қолданылмай, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған. Мемориалдық ордер бойынша қаржылық операциялар дұрыс жүргізілмеген, бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсалған, қосымша құн салығын артық төленген, еңбек ақымен іссапар шығындарын артық және негізсіз төленген. Құрылыс монтаждау жұмыстары сапасыз орындалған немесе толық орындалмаған. Мердігерлер тараптарынан жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамағандары үшін тиісті өсімпұл есептелмеген, мердігерлер келісім шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінбеген. Мемлекеттік сатып алу келісім шарты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған. Сатып алу  шартының орындау мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем белгілен. Жаңадан соғылған құрылыс объектілері кіріске алынбай шығындар ретінде есептен шығарылған және негізгі құралдардың амортизациялары есептелмеген.

Тегтер: ревизорТаразтексеру

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты