• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ӘР ГЕКТАРДАН 800 ЦЕНТНЕР ӨНІМ АЛУДА

turan_admin turan_admin
22.10.2020, 17:11
Облыс жаңалықтары
ӘР ГЕКТАРДАН 800 ЦЕНТНЕР ӨНІМ АЛУДА
203
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елу гектар қант қызылшасын небәрі төрт күнде жинап алған «Шарипов» шаруа қожалығының мерейі үстем. Алынған өнімде жоғары. Әр гектардан 800 центнерден өнім алуда. Бұл ауданымыз үшін жақсы көрсеткіш.
Негізі, мұндай көрсеткішке олардың қол жеткізулері алқапта тамшылатып суару жүйесін қолданған. Ал, жылдам жинап алуы, замануи техниканы пайдалануында болып тұр.
Кеше аудан әкімі Сәкен Арубаев, орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Темешбаев, аудандық фермерлер одағының төрағасы Аманалы Құрбановтармен бірге жұмыс сапарымен жолға шыққанбыз.
Беталысымыз, «Пионер» өндірістік кооперативінің жерінен жалға алған «Шарипов» шаруа қожалығының 50 гектарлық қызылшалы алқабы.
Бардық. Көрдік. Көңіліміз толды. Алқаптың бір шетінде жапырақ кескіш агрегат жүрсе, екінші шетінде жүйектегі тәтті түбірді тікелей көлікке артып бара жатқан шетелдік агрегатта тыным жоқ. Орта тұсында жүрген осындай агрегатта тоқтаусыз кетіп барады. Бар-жоғы жарты сағатта алқаптан қызылша тиелген 5 камаз автокөлігі (бәрі де тіркемесімен) шығып бара жатты.
Бұл көрініске көңілі толған аудан басшысы Сәкен Қаланұлы: – Мына агрегаттардың өзге шаруашылықтардан гөрі өзгеше екен. Техникалардың тоқтаусыз жүруі, әп сәтте көлік қорабының қызылшаға толуы, бәрі мені қызықтырып тұр, – деді «Шарипов» шаруа қожалығының төрағасы Абдумалик Шариповке қарап.
– Біз бұл техникаларды үш-төрт жылдан бері пайдаланып келеміз. Өте пайдалы техника екен. Негізі, биыл 110 гектарға осы дақылды орналастырдық. Оның бірін өздеріңіз көріп тұрған осы алқап болса, 60 гектарды Айшабибі ауылдық округінің жеріне еккенбіз. Бүгін осындағы алқапты бітсек, «Қызыл диқан» өндірістік кооперативіне көмекке барамыз. Содан соң, Айшабибі ауылын бетке аламыз, – деді. Қазіргі кезде шикізатымызды 12 камаз автокөлігі (тіркемесімен) қант зауытына тасымалдауда Айшабибіге барғанымызда да осы көліктер тартылады.
Осы тұста біз төрағаға, келер жылы дақылдардың қандай түрлерін, қайда егуді жоспарлап отырсыздар? – дегенімізде, ол; – Кімде болса алдымен жоспар қояды. Келер жылға жоспарымыз картоп, сәбіз, қант қызылшасын және пияз егу. Бұл тұрғыда айтарым, Шоқай ауылы маңынан және құмтиын елді екені қасынан 450 гектар жерді қарастырып қойдық. Оның 110 гектарына тәтті дақылды егуді көздеп отырмыз. Бұл әрине жоспар ғана. Мүмкін дақыл егетін жер табылса, гектар көлемін мұнанда арттыратын шығармыз. Бәрі бір алланың қолында, – деді Абекең өзінің имандылық жолға бет бұрғанын сездіріп.
Абдумалик Шарипов айтқанында тұратын нағыз еңбекқор жан. Оның үәде үдесінен шығатынына жыл сайын көз жеткізіп келеміз. Биылғы өнімі көңіл көншітсе, келер жылдары да табыстың тайқазанын тасыта беретініне сенеміз.
Дүйсенбек Орманов,
«Шұғыла».

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.