• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: КВИ-МЕН СЫРҚАТ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ 90% — ДАН АСТАМЫ АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМ МЕН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛУДА

27.07.2022
0
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: КВИ-МЕН СЫРҚАТ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ 90% — ДАН АСТАМЫ АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМ МЕН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛУДА
110
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты брифинг өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері COVID-19 ауруының өсуі және инфекцияны таратпау және емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
«Қазақстанда 20 маусымнан бастап КВИ аурушаңдығының өсуі байқалады, соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 1,9 есеге, яғни, 8156-дан 15503 жағдайға дейін өсті. Тәулігіне 2700-ге дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайлары тіркеледі»,-деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Бұл ретте соңғы аптада ауырғандардың 70%-ы 3 өңірге — Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды облыстарына келеді.

Айта кетері, сырқаттанушылықтың көтерілуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі әлі де төмен болып қалуда.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник COVID-19-бен сырқат пациенттердің 93%-дан астамы амбулаториялық деңгейде емделіп жатқанын атап өтті.

   «Коронавирустық инфекция аурушаңдығының артуына байланысты медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары кабинеттердің сүзгі жұмысын қамтамасыз ете отырып, санитарлық-дезинфекциялық және эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. Коронавирустық инфекция диагнозы бар пациенттердің 93% — дан астамы амбулаториялық деңгейде ем алуда», — деді В.Дудник.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда КВИ-мен ауыратындардың арасында аурудың жеңіл, асимптоматикалық ағымы байқалады, қысқа инкубациялық курс 2-ден 14 күнге дейін, орташа есеппен 2-4 күнге дейін созылады.

«Науқастар көбіне жоғары қызба, жалпы әлсіздік, қатты бас ауруы симптомдарына шағымданады. Аурудың ауыр ағымында нейротоксикоз, электролит балансының бұзылуы, гиповолемиялық шок байқалады»,-деді вице-министр.

Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді 5 препаратпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Бұл қызу түсіргіш дәрілер және антикоагулянттар. Олар жеткілікті мөлшерде бар.
Коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде уақтылы медициналық көмек көрсету үшін КВИ бар науқастарды бақылау бойынша 2380 мобильді бригада ұйымдастырылды, оның 1000-ы ауылда. Бұл ретте резервте 1600-ден астам мобильді бригада бар.
Естеріңізге сала кетейік, мобильді бригадалар 5000 және одан да көп халыққа 1 бригада есебінен ұйымдастырылады. Ауыл деңгейінде дәрігерлік амбулаторияның және медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының жанынан кемінде бір мобильді бригада құрылады.

Жіті респираторлық ауру белгілері бар және коронавирустық инфекцияға күдікті немесе науқас пациенттерге үйге шығу кезінде ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияға биологиялық материалдар үлгілерін алу жүргізіледі. «COVID-19 коронавирустық инфекциясы» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер тағайындалады, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектер науқасқа жеткізіледі.

2022 жылдың 1 жартыжылдығында мобильді бригадалар 815 мың шығуды жүзеге асырды. Ең көп шығу Қарағанды облысында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асырылды.
Медициналық қызметтерді стационарлық көрсетуге қатысты республикада КВИ бойынша стационарлық көмекті қуаттылығы 4505 төсектік 180 медициналық ұйым көрсетеді, төсектерді жұмыспен қамту 30%-ды құрайды, 1342 пациент емдеуге жатқызылды.

Стационарлық емдеудегі пациенттердің талдауына сәйкес балалар саны 36%-ды құрайды. Ересек пациенттер 64%-ды құрады, оның ішінде жасы 60 жастан жоғары адамдар – 22%. 50% – дан астамы қатар жүретін аурулары барлар, оның ішінде қан айналымы жүйесінің аурулары — 19 %, тыныс алу органдарының аурулары, қант диабеті және семіздік — 5%. Бүгінгі таңда науқастардың арасында 18%-бен 249 жүкті әйел бар екенін В.Дудник толықтырды.

Сонымен қатар резервте 138 медициналық ұйымда 20 мыңнан астам инфекциялық төсек бар.
«Тағы да еске салғым келетіні, бізге инфекцияның ауыр түрлерінен және ауруханаға жатқызудан нақты алдын алу шарасы қол жетімді. Бұл КВИ-ге қарсы вакцинация. Вакцинация және ревакцинация инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала береді. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының мысалында біз ауырғандардың 80% — ы бұл вакцинацияланбаған адамдар немесе 6 ай бұрын вакцинацияланғандар екенін көреміз, бұл КВИ-ге қарсы вакцинациялау қажеттілігін тағы да растайды», – деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі-ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Бүгінгі таңда КВИ-ға қарсы вакцинациямен ересек тұрғындардың 80% — дан астамы немесе елдің барлық халқының 56% — дан астамы қамтылған.

«COVID-19-ға қарсы ревакцинация алдыңғы вакциналардың көмегімен пайда болған вакцинадан кейінгі иммунитетті сақтауға және ағзаны аурудан қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өткен жөн. Өкінішке қарай, вакцинацияланған адамдарда, сондай-ақ КВИ-мен ауырған адамдарда уақыт өте келе дененің инфекциядан қорғалу деңгейі төмендейді, нәтижесінде адам қайтадан инфекцияға сезімтал болады. Осыған байланысты, вакцинацияның алғашқы курсын алғаннан кейін 6 айдан кейін КВИ-ға қарсы ревакцинация алу ұсынылады», — деп қорытындылады А.Есмағамбетова.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты