• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

 «QAMQOR» жобасы

turan_admin turan_admin
12.12.2019, 12:18
Облыс жаңалықтары
Облыста волонтерлық қозғалыс белсенді жүргізілуде.
1.4k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 Биыл волонтерлардың әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды. Облыста 2 мыңға жуық еріктілер дерекқоры жасалды. Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №52 қаулысымен «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі Жоспары бекітілді.

Жоба аясында 1800 волонтер облыстағы 250 мыңға жуық отбасыларын аралай отырып, арнайы әзірленген әлеуметтік сауалнама толтырылды. Барлық волонтерлар сауалнама толтыру әдісіне оқытылды. Аралау жұмыстары жаппай 25 наурызда басталды. Бүгінгі күнге аралау жұмыстары облыс бойынша толық  аяқталды. Жалпы 218 736 отбасы (жалпы отбасы санына шаққанда 85,9%) араланса,  77 385 отбасына сауалнама толтырылды (жалпы араланған отбасының 35,4%). Тараз қаласы бойынша 77 257 (86,5%) араланып, 5211 (6,7%) сауалнама толтырылды. Толтырылған сауалнамалар арнайы әзірленген дерекқорға енгізілді. Анықталған мұқтаждықтар саралана отырып, әр аудан, қала бойынша облыстың әлеуметтік картасы әзірленуде. 

Жобаны іске асыруға облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасынан арнайы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 15 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бұл қаржыға Тараз қаласында 3 «Qamqor» қайырымдылық дүкендері (Төле би көшесі, 74 «Б», Ленин көшесі, 97 «А», Бәйдібек би көшесі, 1 «А»)  ашылды, олар қажетті жабдықтармен  (арнайы сөрелермен жабдықтау, тазалау құралдары т.с.с.) жабдықталған. 

Одан бөлек, халық көп шоғырланатын сауда орындарында                      5 қайырымдылық жәшігі орнатылды ( 1)Тараз қаласы, 9 м/а  «АЙРЫЛМАС» сауда орталығында 2 жәшік, 2)Тараз қаласы, Абай көшесі «ТАРГО» сауда орталығы, 3) Қант зауыты алқабы, Рафинадная көшесі №3 «А» «Тәтті Себет» (Вкусная Корзинка) дүкендер желісі, 4)Тараз қаласы, 40 мельница, «Тәтті Себет» (Вкусная Корзинка) дүкендер желісі).

Жыл басынан бері аталған дүкендер арқылы 752  отбасына 3 тоннаға жуық киім-кешек таратылды. Сәуір, Мамыр, Маусым аралығында қаламыздағы үш дүкенде Төле би 74 «Б» көшесіндегі дүкеннен 120 отбасы киім-кешек алды, Ленина 97 «А» көшесіндегі дүкеннен 73 отбасы киім кешек алды, Байдібек би 1 «Б» көшесіндегі дүкеннен 32 отбасы киім кешек алды. Бүгінгі таңға дейін «Qamqor» қайырымдылық дүкендері арқылы барлығы 912 отбасыға 2720 кг. киім-кешекпен көмек берілді.

Әлеуметтік дүкеннің жұмысымен қатар біздің еріктілер облысымыздың демеушілерін «Қамқор» жобасын жүзеге асыруға тарту мақсатында  түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, өткізуде. Мәселен, мамыр айында «Тәтті Себет» дүкен желісінің демеушілігімен Тараз қаласындағы аз қамтылған 40 отбасыға гуманитарлық көмек көрсету бойынша азық-түлік таратуға арналған бір күндік акция өткізілді. Маусым айында Тараз қаласы, №30 мектептің түлектерімен азық-түлік жәрдемі тағы да 4 отбасына берілді.

  «Сонымен қатар, жоба аясында волонтерлармен жергілікті жерлерде түрлі тұрмыстық заттар, киім-кешектер жинастыру, заттарды мұқтаж отбасыларына тарату шығындары, одан бөлек, волонтерлармен түрлі мәдени-спорттық көпшіліктік шаралар ұйымдастыру, оларды бағалы сыйлықтармен марапаттау, жыл қорытындысы бойынша нәтижелі жұмыс атқарған 12 волонтерға демалыс орындарына жолдама беру секілді ынталандыру шаралары қарастырылған.

Арыс қаласы тұрғындарына көрсетілген көмек бойынша ақпарат

«QamQor» қайырымдылық дүкені ағымдағы жылдың 25 маусымы сағат 09.00-де Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты көмек қолын ұсынамын деген Жамбыл облысы тұрғындары үшін гуманитарлық көмек орталығын ашты. Бұл туралы әлеуметтік желі парақшаларында арнайы хабарландырулар жарияланды. Бүгінгі таңға дейін аталған бағытта 20 адамнан және «Вольтман» автомобильдер дүкені желісінен түрлі заттай көмек түрлері ұсынылды. Олар: (1. Балалар жөргегі- 603 дана,сұйық сабын -12 дана, иіс сабын-100 дана, кір сабын-100 дана, су-120 л, ұн-10 кг, макарон-50 кг, қант  -5 кг, горох-5 кг, күріш-5 кг, жамылғы-7 дана, көрпеше-3 дана, тіс пастасы-30 дана, тіс щеткасы-30 дана, қырыну құралы-80 дана, дәретхана қағазы-50 дана, қағаз майлықтар-30 дана, ылғалды майлықтар-10 дана, киім-кешек — 50 кг, күнбағыс майы-7 л.)

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 25 маусым күні орын алған төтенше жағдайға байланысты Тараз қаласы, №13 теміржол көлігі колледжінде уақытша орналастырылған Арыс қаласы тұрғындарына және ««QamQor» қайырымдылық дүкеніне көмек сұрап келген Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмектер көрсетілді. Атап айтар болсақ,  ( Балалар жөргегі- 100 дана, сұйық сабын -6 дана,иіс сабын-50 дана, кір сабын-50 дана, су-60 л, ұн-10 кг, макароны-25 кг, қант -5 кг, горох-5 кг, күріш-5 кг, жамылғы-4 дана, тіс пастасы-15 дана, тіс щеткасы-20 дана, қырыну құралы-60 дана, дәретхана қағазы-50 дана, қағаз майлықтар-20 дана, ылғалды майлықтар-6 дана; киім-кешек — 60 кг, күнбағыс майы-7 л.)

 

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.