Қарағандылық оқушылар Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен «Жасанды интеллект саяхаты» халықаралық жасанды интеллект және деректерді талдау конференциясының жеңімпазы атанды.
Қарағанды қаласындағы №2 лицейдің 11-сынып оқушылары Даниил Кикимов пен Вадим Мажитов білім беру саласындағы технологиялық шешімдерді ұсынып, оқушының қызығушылығына қарай мазмұнды жекелендіруге мүмкіндік беретін әзірлемелерді ұсынды.
Путин қарағандылық оқушыларға қызықты жоба үшін алғыс айтты.
– Егер адам оқып жатқан пәніне қызығушылық танытса, кез келген жаста нәтижеге қол жеткізуге болады. Менің түсінуімше, сіздердің дамуыңыз мотивацияны, қызығушылықты арттыруға бағытталған. Тамаша! – деді Ресей президенті қазақстандық оқушыларға арнаған сөзінде.
Студенттер олардың мазмұнды жекелендіру алгоритмі оқыту тиімділігін кем дегенде 10-15%-ға арттырады деген ойда.
– Біз мектеп есептерінің мәтіндерін оқушының қалауына қарай мағынасын бұзбай өзгерте алатын алгоритм әзірледік. Мектепте, математикадан есептер негізінен велосипедші мен моторист туралы беріледі. Осындай қаншама есептерді шешіп, бірде-біреуін жаттап алған жоқпыз. Сондықтан біз тапсырмалардың мазмұнын әртараптандыруды ұйғардық және мектеп оқушыларының қызығушылықтарына қарай мазмұнды таңдауға мүмкіндік беретін алгоритм әзірледік, – дейді жеңімпаздар.
Жоба үздік деп танылып, қазақстандық оқушылар «Білім берудегі жасанды интеллект» номинациясында абсолютті жеңімпаз атанды. Зияткерлік сайысқа 100 елден 25 мыңнан астам мектеп оқушылары қатысты.
Айта кетсек, қазақстандық мектеп оқушылары халықаралық жарыстарда жиі жеңіске жетеді. Жақында 11 қазақстандық оқушы физикадан бірінші Әл-Ферғани атындағы халықаралық олимпиадада екі алтын, алты күміс, үш қола медаль жеңіп алған.
Зияткерлік сайысқа 18 елден 130-ға жуық мектеп оқушылары қатысқан. Ал қыркүйек айының басында Балқандағы қазақ оқушылары математикадан бес медаль еншілеп келген. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 6-орынды иеленген.
Дереккөз-https://kaz.orda.kz/putin-aza-standy-o-ushylardy-zhobasyna-t-nti-boldy/