Облыс прокуроры уәкілетті органдардың жұмысындағы формализм балалардың проблемаларын шешпейді деп түйіндеді.
Әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының білім беру мекемелеріндегі нақты жағдай туралы хабардар болмауы қылмыс пен суицид тәуекелдеріне дер кезінде ден қоюға мүмкіндік бермейді.
Шын мәнінде, қолайсыз балалардың есебі қайғылы оқиғалар тіркелгеннен кейін немесе жасалған қылмыстар бойынша жүргізіледі.
Мәселен, облыстық полиция органдарында бұрын құқық бұзушылық жасаған 363 кәмелетке толмаған бала есепте тұр, алайда құқыққа қайшы әрекеттерге бейім балалар туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Осыған байланысты облыс прокуратурасы белгіленген комиссияларға девиантты мінез-құлқы бар немесе өмірлік қиын жағдайдағы балалардың профилактикалық есебін жүргізуді ұсынды.
Бұл ретте мұндай балалардың құқықтарын қорғау комиссиялар жұмысының тиімділігін бағалау индикаторы ретінде ескерілетін болады.
Жамбыл облысының прокуратурасы