• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.09.2026, 02:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Президент Жолдауын жүзеге асыруға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды – Б. Сапарбаев

turan_admin turan_admin
31.03.2022, 21:12
Облыс жаңалықтары
Президент Жолдауын жүзеге асыруға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды – Б. Сапарбаев
1.5k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар мен бастамалардың жүзеге асу жоспары және барысы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі де түрлі еңбек ұжымдары, жастар, қоғам өкілдері, қарапайым тұрғындармен кездесіп, Жолдаудың маңызды әрі тарихи шешімдерге негізделгенін айтып, одан туындайтын міндеттемелерге тоқталуда.

Бұл жолы аймақ басшысы Тараз қаласындағы №22 орта мектепте қант зауыты шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндап, олардың өзекті мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады. Кездесуге ҚР Президент әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов және облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков қатысты.

— Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша облыста 11 ақпараттық-насихаттық топ құрылған. 130 мүшесі бар бұл топтарға негізінен қоғамдық ұйым өкілдері, қоғам белсенділері,  БАҚ өкілдері енді. Олар қала, аудан, ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдауда.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында көппартиялы жүйені  жетілдіру, мәжіліс пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, биліктің халықпен кері байланысын нығайтуға айрықша назар аударды. Осы тұрғыда жергілікті атқарушы органдарға да жүктелетін жауапкершіліктің жүгі ауыр.

Соңғы сайлауда облыстағы мәслихат депутаттары  85 пайызға жаңарды. Олардың құрамында облыста қазір филиалдары жұмыс істейтін  5 партияның да өкілдері бар. Халықтың талабына сәйкес Қоғамдық кеңестердің де құрамы айтарлықтай өзгеруде.

Біз «Қаңтар оқиғасынан» кейін өңірде «Қоғамдық  қабылдау»  тобын құрдық, оған қоғам белсенділері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және тағы басқалар енді. Олар аудан, ауылдардағы жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді анықтап, тиімді шешілуіне жұмыс істеуде. Топ жұмысының алғашқы нәтижелері көңіл көншітеді. Әсіресе, «Қоғамдық қабылдау» тобы «Қаңтар оқиғасынан» кейін түсіндіру, ақпараттық жұмыстармен жүйелі түрде айналысуда. Бұл бағыттағы шаралар жалғасатын болады, — деді Б. Сапарбаев.

Атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталған аймақ басшысы өткен жылы облыстың экономикалық өсімі 105,8 пайызды құрағанын атап өтіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша қолға алынған шараларды тілге тиек етті.

Жалпы, бүгінгі таңда облыс аумағында 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 4,1 мың тонна қоры қалыптасқан және 100-ге жуық ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылған.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналған. Атап айтсақ, «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде 157 мың түлектің демеушілігімен облыс аумағында 8,8 млрд. теңгеге 393 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Ал, ата-баба дәстүрін жаңғыртқан «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2020 жылы 99 үй, былтыр (2021 ж.) 134 үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы салынатын үйлердің саны 134-тен кем болмайды деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Таразға тарту» жобасы бойынша өткен жылы облыс орталығында 2,1 млрд.теңгеге 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.  Ол биыл да жалғасын табады. Одан бөлек, осы жылы «Жаңғырған Жаңатас» жобасы қолға алынады. Осылайша, тек облыс орталығын ғана емес, шағын қалалалар мен аудан орталықтарының да шырайын арттыруды көздеп отырмыз. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 12,7 млрд.теңгеге демеушілер қаражаты есебінен облыс орталығында 10 əлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді, — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қалада атқарылып жатқан ілкімді шаруалар мен жоспарлы жобаларға қысқаша тоқталды. Шаһар басшысы бұған дейін №4 аумақтық округтің тұрғындарымен өткен кездесулерде көтерілген мәселелердің шешілу барысын жеткізді.

Бұдан соң түрлі өзекті сауалдарын жолдаған тұрғындарға жауаптар берілді. Жиынды қорытындылыған Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы міндеттерді  орындауға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды екенін баса айтты.

Кездесуден соң облыс әкімінің аумақтық округ тырғындарын жеке қабылдауы өтті. Онда көтерілген мәселелердің барлығы заң аясында шешілмек.

Аймақ басшысы Мемлекеттік инспектормен бірге №22 мектепті аралап, былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа оқу ордасының жай-күйімен, жұмысымен танысты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46
Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00

Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды

15.09.2026, 13:00

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.