• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Президент Телерадиокешенінің кинолекторийі Таразда жалғасты

Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Хроникадан – болашаққа» атты ағартушылық жобасының оңтүстік өңірдегі қорытынды шарасы Тараз қаласында өтті.

27.05.2026
0
Президент Телерадиокешенінің кинолекторийі Таразда жалғасты
56
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Президент Телерадиокешенінің деректі кино орталығы шығармашылық тобының келуі жергілікті көрермен тарапынан қызу қолдауға ие болды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова өңір тұрғындары атынан шығармашылық ұжымға алғыс білдіріп, көрсетілімдердің маңызына тоқталды.

– Бүгінде деректі кино қоғамның тарихи жадының маңызды бөлігіне айналып отыр. Мұндай туындылар арқылы біз оқиғаларды тек ресми хроника ретінде емес, адам тағдыры мен үлкен үдерістер арқылы тереңірек түсінеміз. Тараз тұрғындары үшін мазмұны әртүрлі болғанымен, идеясы ортақ «Aral», «Қуатты серіктес», «Travel Kazakhstan» және «Құлалы аралының адамы» фильмдерін тамашалауға жақсы мүмкіндік туды, – деді ол.


Көрсетілім барысында ерекше әсер қалдырған туындылардың бірі – «Құлалы аралының адамы» фильмі болды. Фильм жетуі қиын метеостанцияда еңбек ететін Петр Лупенковтың өмірін арқау етеді. Ол өркениеттен алыс жүрсе де, өз ісіне адал кейіпкер ретінде бейнеленген.

Көрермендердің бірі Адал Айтқали фильм туралы пікір білдіріп, оның терең эмоционалдық әсерін атап өтті.

– Бұл сырттай байсалды көрінгенімен, ішкі мазмұны аса қуатты туынды. Мұнда артық сөз жоқ, бірақ терең ойға жетелейтін бейнелер көп. Каспий теңізінің қатал табиғаты мен кейіпкер тағдыры адамды бейжай қалдырмайды. Петя (Петя есімді кейіпкер, Петя көке) – рухы мықты тұлға, – деді ол.

Ал «Travel Kazakhstan» фильмі Қазақстанды туристік бағытта жаңа қырынан таныстырған туынды ретінде бағаланды. Көрермендер атап өткендей, фильм заманауи тәсілдермен түсіріліп, жас буынға жақын форматта ұсынылған.

– Қазақстанды жаңа көзқараспен көру қызықты болды. Әсіресе блогерлердің қатысуы фильмге заманауи сипат берген. Бұл деректі киноның да қазіргі заманға сай, тартымды бола алатынын көрсетті, – деді көрермен Анастасия Рожкова.

Бағдарлама аясында «Aral» фильмі де көрсетілді. Онда Арал теңізімен тағдыры тығыз байланысты балықшы Құнтуған Тұрғынбаевтың өмірі баяндалады. Сонымен қатар, мемлекет қолдауымен Арал теңізін қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар да қамтылған.

Ал «Қуатты серіктес» фильмі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған ресми сапарына арналды. Туынды тек ресми кездесулермен шектелмей, технологиялық, энергетикалық және білім беру салаларындағы жаңа жобаларды да кеңінен көрсетеді.

Көрермендердің айтуынша, фильм халықаралық қатынастарды тек ресми форматта емес, мазмұнды әрі динамикалық оқиға ретінде жеткізе білген.

Осылайша, әртүрлі мазмұн мен ырғақтағы фильмдер бір арнаға тоғысып, елдің өткені, бүгіні және болашағы туралы тұтас ой қалыптастырды. Кинолекторий көрермендер үшін тек көрсетілім алаңы ғана емес, ел дамуы мен қоғамдық сана туралы мазмұнды диалог алаңына айналды.

Тараздан кейін көрсетілімдер Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған және Қонаев қалаларында жалғасады. Жоба 25 қыркүйекте Алматы қаласында қорытындыланады.

Көрсетілімдер облыстық әкімдіктердің қолдауымен өңірлік кинотеатрларда өткізіліп, барлық көрермендер үшін тегін ұйымдастырылып жатыр.

Тегтер: кино апталығыТаразхроникадан болашаққа

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты