• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
Advertisement
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Премьер-Министр жол-көлік оқиғаларын алдын-алу шараларын қатаңдатуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.

03.10.2023
0
Премьер-Министр жол-көлік оқиғаларын алдын-алу шараларын қатаңдатуды тапсырды
34
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев биыл жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштерінің төмендегенін айтты: жол-көлік оқиғалары – 13%-ға (8 253-тен 9 429-ға), зардап шеккендер саны – 16%-ға (12 394-тен 10 448-ге дейін), қаза тапқандар – 1%-ға (1478-ден 1468-ге дейін). Дегенмен, жалпы оң динамикаға қарамастан, Алматы қаласы, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында апаттар деңгейі әлі де жоғары.

Сонымен қатар биыл 5,5 млн-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзуға тосқауыл қойылғаны, 15 мыңға жуық мас күйдегі жүргізуші ұсталғаны, 9 мың адамның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны, 15 мың адамның әкімшілік қамауға алынғаны, 215 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынғаны аталып өтті.

Марат Қожаев ІІМ-нің емтихандарды қабылдау ережесіне өзгерістер енгізгенін атап өтті: енді емтихан тапсыру процесі онлайн-трансляция арқылы бақыланады, «Автомектеп» ақпараттық жүйесінде білім алушыларды міндетті тіркеу нормасы енгізілді. Нәтижесінде тізімдерді түзету мүмкіндігі алынып тасталады.

Қазіргі уақытта түзетулердің екінші пакеті әзірленді. Дайындық курстарын аяқтау туралы куәліктерді және медициналық анықтамаларды электрондық нысанға көшіру жоспарлануда. Сонымен қатар жүргізушілердің өз бетінше дайындалуын алып тастау мәселесі пысықталуда.

Бұдан бөлек, әкімдіктердің қолдауымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына цифрлық шешімдердің белсенді түрде енгізіліп жатқаны айтылды. Қазір жолдарда жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін 22 мың камера орнатылған. Олардың көмегімен барлық бұзушылықтардың 50%-ы тіркеледі. Астана мен Шымкентте бұл көрсеткіш 70%-ға дейін өсті. Мұндай жүйелерді өңірлерде енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар «Қорғау» бағдарламасы арқылы тұрақты түрде тәртіп бұзатындарға шара қолданылуда. Ол жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол ережесін бұзып, айыппұл төлеуден жалтарған көлік жүргізушілерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев баяндама жасады.

Премьер-Министр Алматы облысында жол үстіндегі өлім-жітім көрсеткіші ең жоғары, Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артқанын, ал Абай облысында жалпы апат деңгейінің 2 есеге жуық өскенін атап өтті. Осы мәселелер бойынша облыс әкімдері Марат Сұлтанғазиев, Дархан Сатыбалды және Нұрлан Ұранхаев түсініктеме берді.

Үкімет басшысы биыл жол-көлік оқиғалары мен зардап шеккендердің саны біршама төмендегенін атап өтті. Десе де жол үстінде күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады.

«Әр цифрдың артында қаншама жанның өмірі мен денсаулығы тұр. Өкінішке қарай, бізде көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіп деңгейі өте төмен. Біз жолдағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып келеміз. Соған қарамастан, полиция жол бойында мас күйде рөлге отырған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мыңдаған жүргізушіні ұстайды. Әрине, мұндай заң бұзушыларға барынша қатаң шара қолдану керек», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, елді мекендердегі камералар санын көбейтіп, республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді пайдалану керек.

Премьер-Министр жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырып отырғанын атап өтті. Жыл басынан бері азаматтардан жол қозғалысына қатысты 62 мыңнан астам ресми шағым келіп түсті. Олардың бәрі алдыңғы ТОП-10 шағымдар қатарында тұр.

Мәселен, жүргізуші куәлігін алу емтихандарын тапсыру кезіндегі жемқорлық әрекеттері де қоғам тарапынан жиі сынға ұшырайды. Автокөлік құралдарын техникалық тексеру сапасына қатысты сұрақтар көп. Сондай-ақ жол-көлік апаттарына себепші негізгі мәселенің бірі – тиісті деңгейдегі жол инфрақұрылымының болмауы.

«Әлі күнге дейін елді-мекендерде жарығы, жаяу жүргіншілер өтетін жерлері мен бағдаршамдары жоқ жол учаскелері кездеседі. Осының бәрі қайғылы жағдайларға, оның ішінде балалар арасындағы өлім-жітімге әкеп соғуда. Сондықтан, жол қауіпсіздігін арттыру, жол апаттары мен өлім-жітім деңгейін азайту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу біздің басты міндетіміз болып табылады», — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Үкімет басшысы әрбір өңір бөлінісінде жол апаттарына жан-жақты талдау жүргізуді және жол апаттары жиі болатын учаскелерде жол қозғалысын қадағалауды күшейтуді тапсырды.

«Сондай-ақ жүргізушілердің өз бетінше дайындалу мүмкіндігін алып тастау мәселесін пысықтау қажет. Бұл қадам тиісті нәтиже берген жоқ. Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу емтихандарының сапалы өткізілуін қамтамасыз ету керек», — деді Әлихан Смайылов.

Қорытындылай келе, ол жекеменшік таксидің, әсіресе қалааралық бағыттардағы такси қызметін реттеу жөнінде қосымша шаралар қабылдауды, көлік құралдарын техникалық тексеруден өткізу сапасын тиімді бақылау механизмін әзірлеуді, заң бұзушылықтарды тіркеу камераларының санын көбейту және трассалық медициналық-құтқару пункттерін дамыту, оның ішінде мобильді жылжымалы бригадалар құру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Тегтер: Әлихан СмайыловИнфрақұрылымдық дамуҚР Премьер-МинистріҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28.02.2020
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Астанада Қазақстандағы жазба мұраларды қайта қалпына келтіру және сақтау мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстандағы жазба мұраларды қайта қалпына келтіру және сақтау мәселелері талқыланды

11.12.2023
ALTYNSARIN INSTITUTE-НЫҢ БАШҚҰРСТАНДА ЖАҢА СЕРІКТЕСІ БАР

ALTYNSARIN INSTITUTE-НЫҢ БАШҚҰРСТАНДА ЖАҢА СЕРІКТЕСІ БАР

11.12.2023
ALTYNSARIN INSTITUTE ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТАТАРСТАНДАҒЫ НМПУ-ДЕ БОЛДЫ

ALTYNSARIN INSTITUTE ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТАТАРСТАНДАҒЫ НМПУ-ДЕ БОЛДЫ

11.12.2023
Ерсұлтан Нүсіпжанов «АДАЛ ТҰЛҒА-2023» ұлттық сыйлығының иегері

Ерсұлтан Нүсіпжанов «АДАЛ ТҰЛҒА-2023» ұлттық сыйлығының иегері

11.12.2023
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты облыстық этнос өкілдері арасында квест ойыны өтті

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты облыстық этнос өкілдері арасында квест ойыны өтті

10.12.2023
«Менің Ауылым-Қазақстанның бір бөлшегі» этносаралық бірлік кездесуі өтті

«Менің Ауылым-Қазақстанның бір бөлшегі» этносаралық бірлік кездесуі өтті

10.12.2023
Ербол Қарашөкеев коммуналдық қызметтерді күшейтілген жұмыс режиміне көшіруді тапсырды

Ербол Қарашөкеев коммуналдық қызметтерді күшейтілген жұмыс режиміне көшіруді тапсырды

09.12.2023
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz