• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

Олжас Бектенов Павлодар облысында Президенттің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты

Turan Redaktor Turan Redaktor
27.03.2025, 14:07
Қазақстан жаңалықтары
Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды
43
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-ға барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы мен шаралары талқыланды.

Премьер-министр «Бозшакөл» мыс кеніші алаңында технологиялық үдерістермен танысты. Зауыт жылына 30 млн тонна кен өңдейді. Өткен жылы 105 мың тонна мыс өндірілді, сонымен қатар мұнда мыс, алтын, күміс және концентраттағы мырыш өндіріледі. Дайын өнім Қытай, Түркия, Өзбекстан мен Бельгияға экспортталады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жас мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл кәсіпорын ақылы тағылымдамадан өту үшін 200-ден астам студент тартуды жоспарлаа отыр. Бүгінде компанияда 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 

Премьер-министрге өндірістік алаңдарда заманауи технологияларды енгізу, оның ішінде жасанды интеллект жүйелерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Толық диспетчерлеу кенді ұсақтаудан бастап концентрат шығаруға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Сондай-ақ карьерлерді 3D модельдеу үшін өндірістік процестерді модельдеу жүйелері мен дрондар қолданылады. Бұл жұмыстың дәлдігі мен тиімділігін едәуір жақсартады.

«Еліміз өңдеу саласына көшу керек, жоғары өңделген тауарлар өндіруді арттыру қажет. Мемлекет басшысы осындай міндет қойып отыр. Салық кодексінде жоғары өңделген тауарлар өндіретіндер салықты аз төлейтін қосымша жеңілдіктер қарастырылған. Бұның барлығы өңдеу саласын ынталандыру үшін жасалып жатқан қадамдар. Яғни, қаражат өз елімізде қалады деген сөз. Қазір көптеген елдер қазақстандық шикізат өңдеуді дамытуда. Ол өзімізге керек. Оның үстіне “Қазақмыс” және “KAZ Minerals” сияқты ірі кәсіпорындардың инвестиция салуға мүмкіндігі бар», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Екібастұздағы «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС аумағында әмбебап жартылай жүк вагондарын, жабық вагондарды, вагон-платформаларды отандық өндірушінің ағымдағы өндірістік қуаттарымен, сондай-ақ жүк тасымалы көлемінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып, көрсеткіштерді одан әрі арттыру жоспарларымен танысты.

«SMP Group» ЖШС бас директоры Ержан Қуанғанның айтуынша, кәсіпорын құрылғалы бері 9 мыңнан астам жартылай вагон, 26 платформа және 2 жабық вагон шығарған. Өндірістік қуаты айына 100-ден 240 вагонға дейін артты. Бүгінде 3 мың жартылай вагон жеткізуге жасалған келісімшарт мерзімінен бұрын орындалды. Шарт мамыр айында аяқталады деп жоспарланған. Көлік-логистикалық кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

«Біздің еліміз транзит пен логистикада орасан зор әрі толық ашылмаған әлеуетке ие. Теміржол жүйесі вагондарды жаңартуды қажет етеді. Сондықтан біз кәсіпорындардың өндірісті кеңейту бастамаларын қолдаймыз,— деп атап өтті Премьер-министр және көлік, ұлттық экономика министрліктеріне, «ҚТЖ» мен «Бәйтерек» холдингіне кәсіпорынды қолдау мәселелерін пысықтауды, оның ішінде жартылай вагондар мен жабық вагондарды жеткізуге ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттарын жасасу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы жергілікті қамту үлесін кееңейту қажет, бүгінде ол 57%-ды құрайды.

— Ең бастысы – локализациялауды арттыру. Ішкі өндірісті одан әрі ынталандыру керек, — деді ол.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: Жұмыс сапарыҚР Премьер-МинистріОлжас БектеновПавлодар облысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.