• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Премьер-министр Jibek Joly арнайы экономикалық аймағының жұмысын көрді

Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

turan_admin turan_admin
17.04.2025, 18:33
Қазақстан жаңалықтары
Премьер-министр Jibek Joly арнайы экономикалық аймағының жұмысын көрді
153
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар жоба аясында Президенттің экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту және экономиканың түрлі салаларында қайта өңдеу қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Премьер-министрге Jibek Joly арнайы экономикалық аймағының аумағында химия, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, металлургия салаларындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның дамуы туралы баяндалды. Мұнда барлығы 18 қатысушы тіркелген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірге салынған инвестициялар көлемі 506 млрд теңгені құрады, 2025 жылы 9 жобаны салу нәтижесінде шамамен 850 млрд теңгеге дейін артады деп күтілуде.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек АЭА инфрақұрылымын, оның ішінде газ және электрмен жабдықтауды, су құбырын, теміржол кірме жолдарын дамыту туралы баяндады. Қабылданған шаралар салынып жатқан өндіріс орындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға негіз қалыптастырады.

Сонымен қатар Премьер-министр жаңадан қолға алынған өнеркәсіп нысандарының, атап айтқанда, толық циклді металлургиялық кешен мен жүгеріні терең өңдейтін зауыт құрылысының барысымен танысты. Аталған жобалар былтырғы қараша айында Олжас Бектеновтің ҚХР-ға жұмыс сапары аясында өткен кездесулер мен қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қытайлық инвестор Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының қатысуымен жалпы құны шамамен $1,2 млрд-ты құрайтын еліміздегі ең ірі металлургия зауыттарының бірінің құрылысы басталды. Жобаны қаржыландыру инвестордың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорын арматура, созба сымдар, жолақ және профильді болат, сондай-ақ металл өнімдерінің басқа да түрлерін шығарады.

Fujian Hengwang Investment Co., Ltd басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь 2027 жылы бірінші кезеңді іске асыру аясында зауыттың өндіріс қуаты жылына 1 млн тоннаға жететінін баяндады. 2027–2029 жылдар аралығындағы екінші кезеңде өндіріс көлемін жылына 3 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кәсіпорынның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ турбиналы электр стансасының құрылысы қарастырылған. 2,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Циклдің маңызды элементі – темірді тікелей тотықсыздандыратын қоршаған ортаға зиянсыз технология қолдану.

Қазақстан темір рудасының қоры бойынша әлемде 9-шы орын алады. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, өндіріс көлемі 37 млн тоннаға жетті. Толық циклді металлургия кешенінің жаңа жобасы отандық металлургияның дамуына айтарлықтай үлес қосып, экологиялық таза технологияларды қолданудың үлгісіне айналады.

«Аталған жоба еліміздегі темір рудасын терең өңдеудің толық циклі бар қара металдар мен металл өнімдерін шығаратын ірі өндірушілердің біріне айналады. Үкімет бұл зауыттың құрылысына жан-жақты қолдау жасап, оның сәтті іске қосылуына қажетті көмек көрсетеді»,

 — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаның құрылыс алаңына барды. Инвестиция көлемі $800 млн-ды құрайды. Және өндірістік қуаттылығын жылына 1 млн тонна жүгеріден әрі қарай 3 млн тоннаға дейін ұлғайта отырып, тігінен интеграцияланған өнеркәсіп паркін құру жоспарлануда.

Жобаны биоферментация индустриясындағы әлемдік көшбасшы – қытайлық Fufeng Group компаниясы жүзеге асыруда. Өнеркәсіп кешен құрамына крахмал зауыты және үш биоферментация кәсіпорны кіреді. Зауыттан: лизин, глутамин, глутамин қышқылы, лейцин, треонин, жем және тағы да басқа жоғары қосылған құны бар өнімдер шығарылады деп күтілуде.

Өнеркәсіп паркінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін инвестор көмір жылу электр стансасы мен ағынды суларды тазарту стансасын салуды да жоспарлап отыр. Ары қарай тұз қышқылы мен сұйық аммиакты қоса алғанда, химиялық компоненттер шығаратын зауытты іске қосу қарастырылғаны атап өтілді. Негізгі нысандарды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. 1,5 мыңға дейін жұмыс орнын ашу көзделуде.

Олжас Бектенов бұл жобаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу деңгейін арттыруда, экспорттық әлеуетті дамытуда және заманауи агротехнологияларды тартуда маңызды қадам болатынын атап өтті.

Тегтер: Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.