• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 07:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Премьер-министр: Біз энергия тапшылығы бар елміз

Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді

Turan Redaktor Turan Redaktor
06.09.2024, 13:47
Қазақстан жаңалықтары
Премьер-министр: Біз энергия тапшылығы бар елміз
145
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің электрмен жабдықтау, жылу коммуникация желілерін жаңғырту және олардың тозу деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым нысандарының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Үкімет басшысы Степногорск ЖЭО-ның бүгінгі жағдайымен танысты. 1966 жылы пайдалануға берілген нысан бүгінде қаланың тұрғын үй секторы мен кәсіпорындарын, сондай-ақ Заводской кентін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Премьер-Министрге Ақмола облысының коммуналдық инфрақұрылымының жылыту кезеңіне дайындығы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда қазандықтардың дайындығы 99%-ды құрайды, білім беру нысандары, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер тексерілді. Барлық әлеуметтік инфрақұрылым жылыту маусымына толығымен дайын. ЖЭО-да күзгі-қысқы маусымға қажетті отын қорын дайындау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Биыл Степногорск қаласының жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ұзындығы 11,3 шақырым учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Степногорск энергетика кешенінің меншік иесі инфрақұрылым мен коммуникация нысандарын жаңғыртуға 7,9 млрд теңге бөлді. 4 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды, қазандықтарды реконструкциялау жалғасуда, жоспарланған 2,6 км жылу желілерінің 1,6 шақырымына монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар ЖЭО жабдықтарының тозуын 65,6%-дан 61,9%-ға дейін, магистралды желілердің тозуын қазіргі 80,7%-дан 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда, әлі де бірқатар түйткілді мәселелер бар, деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

«Энергия көздерін жаңартуға қаражат салу мен қолға алынған шаралар тозуды біртіндеп азайтады. Дегенмен, тұтыну көлемінің артуын ескерсек, іркіліс болу қаупі әлі де бар. Тұрақты сапалы энергиямен және жылумен қамтамасыз ету үшін баламалы көздер құру қажет. Халық қажеттілігін өтеу және жаңа кәсіпорындарды іске қосуды қамтамасыз ету мақсатында атом энергетикасын дамыту тиімді шешім болмақ», — деп баяндады Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған станцияалардың тозу деңгейі жоғары – 70%-ға дейін жетеді. Елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну сағатына 152,4 млрд кВт жетеді деп күтілуде. Бұл ретте, қолданыстағы электр станциялары сағатына тек 135 млрд кВт қамтамасыз ете алады.

Премьер-Министр инфрақұрылымды айтарлықтай жаңғырту қажеттігін атап өтті.

Президент өз Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту бойынша жеке жоба әзірлеуді тапсырғанын білесіздер. Бұл – 2029-2030 жылдарға дейін жалғасатын ауқымды бағдарлама. Мұнда маңызды жұмыс атқарылуға тиіс. Тариф, табиғи монополиялар субъектілерінің қаражаты, бюджет, қарыз қаражаты есебінен шамамен 10 трлн теңге қаржы талап етіледі. Жұмыстар кешенді түрде жүргізіледі. Біз елімізде ТКШ жүйесінің қандай күрделі жағдайда тұрғанын түсінеміз. Меншік иелері де, жергілікті билік те, Үкімет те бұл іске аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Үкіметтің басты міндеті – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Бізде жалпы ел бойынша электр энергиясын тұтыну шамамен 17 ГВт құрайды, ал біз тек 16 ГВт өндіреміз. Яғни, біз энергия тапшылығы бар елміз, көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Тозығы жеткен желілерді қалпына келтіріп қана қоймай, тұрақты энергетика жүйесін құруымыз керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Халық 6 қазанда өтетін референдумда қолдау білдірсе, қауіпсіздік деңгейі жоғары атом электр станциясы салынып, еліміздегі энергия тапшылығы мәселесі шешіледі әрі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: жылу энергетикасыҚР Премьер-МинистріОлжас БектеновСҚО
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.