Полицейлер қан тапсырды
Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы аясында қан тапсыру шарасын өткізді.
Тәртіп сақшылары таңертеңнен дәрігер қабылдауында болып, әрқайсысынан 450 граммнан қан алынды. Жол көлік оқиғасы салдарынан жапа шеккендерге жамбылдық полицейлер осындай әдіспен көмек берді. Қайырымдылық шарасын қолға алған Облыстық Жергілікті полиция қызметі басшылығының айтуынша, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Және қан тапсыру – халыққа қызмет етудің бір көрінісі деп есептейді.
Қан орталығы дәрігерлерінің мәліметінше, полиция қызметкерлерінің денсаулығында ешқандай кінарат жоқ екен. Акцияда тәртіп сақшыларынан жалпы көлемі 20 литрге жуық қан алынған.
Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі