2020 жылғы 21 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылының 44 жастағы тұрғынын ұстады, одан
жалпы салмағы 1 келі 200 грамм «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.