Қарағанды көлік прокуратурасы Қарағанды – Сұрыптау – Сарыбел аралығында жолаушылар пойызында болған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады.
Оқиға 2025 жылғы 20 сәуірде болған. Пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған.
«Тергеу барысында психикалық аурумен есепте тұрған әйел жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жібергені анықталды. Сәби теміржол рельстеріне құлап, ауыр жарақат алып, дүние салған», — делінген ведомство хабарламасында.
Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.