2026 жылғы 3 маусымда Мәжілісте өткен брифингте Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Перизат Қайрат пен Қуандық Бишімбаевқа рақымшылықтың қолданылу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оған бұл сұрақты журналистер қойды.
«Сіздер атап өткен тұлғаларға қатысты айтарым – менің жауабым: үзілді-кесілді жоқ», – деді Әділов.
Оның айтуынша, бұған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кедергі келтіреді.
«Өйткені Қылмыстық кодекстің 78-бабы терроризмге, экстремизмге, мемлекеттік опасыздыққа, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар жасаған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында әрекет еткен адамдарға амнистия қолдануға тікелей тыйым салады. Сондықтан бұл тұлғаларға рақымшылық қолдану мәселесі мүлде қарастырылмайды және алдағы уақытта да қаралмайды», – деп түсіндірді вице-министр.







