Жамбылдың тумасы, Бас прокурор болған, Ақмола облысының әкімі болған Қайрат Пернешұлы Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс ашылды деп хабарлайды Бас прокуратура.
«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды» делінген хабарламада.
Қайрат Пернешұлының соңғы қызметі ҚР Сенат Парламентінің депутаты болған.






