• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қордайдың «көрінбейтін алтыны»: Сарқылмас қуат көзі экономикаға не береді?

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
12.10.2026, 15:15
Облыс жаңалықтары
Қордайдың «көрінбейтін алтыны»: Сарқылмас қуат көзі экономикаға не береді?
10
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қордай асуы арқылы күн сайын жүздеген көлік пен мыңдаған жолаушы өтеді. Жол бойынан алыстан менмұндалаған алып жел қондырғылары бұл өңірдің ажырамас көркіне айналғалы қашан. Бірі жанынан өтіп бара жатып естелік суретке түссе, енді бірі әсерлі кадрларын әлеуметтік желіде бөліседі. Алайда бұл зәулім құрылымдардың қандай маңызды міндет атқарып тұрғанын бәрі бірдей біле бермейді.

Соңғы жылдары Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ерекше мән беріп келеді. Күн, жел және су — экологиялық тұрғыдан таза әрі тұрақты энергетикалық жүйені қалыптастырудың негізі. Бұл бағытта Қордай ауданының орны бөлек.

Қордай асуын жыл бойы қапы қалдырмай соғатын қатты жел — бұл жай ғана табиғи құбылыс емес. Бүгінде ол адамдарға нақты пайда әкеліп, өңірдің экономикасын өркендетуге қызмет етіп отырған баға жетпес қуат көзіне айналды.

Алып жел генераторлары ауа ағынының күшін электр энергиясына айналдырып, аймақтың әлеуетін арттыруға сүбелі үлес қосуда. Алыстан көрінетін бұл құрылыстар табиғи байлықты заманауи технологияның көмегімен қалай таза әрі тұрақты қуатқа айналдыруға болатынын айқын көрсетіп тұр.

Қазірдің өзінде Қордай ауданында жел энергетикасы саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, қуаттылығы 21 мегаватт болатын «Виста-Интернешнл» ЖШС жобасы іске қосылса, қуаты 30,65 мегаватт құрайтын тағы бір жобаны «Ветро Инвест» ЖШС жүзеге асырды.

Бұл бастамалар Индустрияландыру картасы пен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы айналасында мемлекеттің қолдауымен өмірге келді. Бүгінде мұнда Германияда жасақталған 40 энергетикалық қондырғы орнатылған. Әрбір қондырғы — нағыз инженерлік туынды: салмағы 180 тоннаға жетсе, биіктігі 70 метрді құрайды.

Аталмыш жел генераторлары жыл сайын 170 миллион киловатт-сағатқа дейін электр қуатын өндіруге қабілетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл шамамен 150 мың тұрғыны бар ауданды толықтай электр жарығымен қамтамасыз етуге жетеді.

Жобаның маңызы тек ток өндірумен шектелмейді. Жел энергетикасының дамуы өңірдегі жұмыспен қамту мәселесіне де оң әсерін тигізуде: жаңа нысандардың арқасында 22-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Тасы да, тауы да алтын» деген қанатты сөз бар. Бүгінде Қордайдың табиғи байлығына тағы бір құндылық — жел қуатын қосуға болады. Өйткені бұл жай ғана соққан жел емес, заманауи технологиялар арқылы әр үйге нұр сыйлап, кәсіпорындарға қуат беріп, өңірдің ертеңгі болашағына бағытталған шынайы байлыққа айналған қозғаушы күш.

Тегтер: Баламалы энергияқордай
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.