• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қордайдағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

turan_admin turan_admin
30.10.2021, 12:16
Облыс жаңалықтары
Қордайдағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды
172
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қордай ауданы Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне арналып салынған жалпы 180 пәтерлік 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ел Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай өткен пәтер кілттерін тапсыру салтанатты шарасына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін құттықтап, ғалым-мамандардың, құрылысшылардың елеулі еңбегін атап өтті.

— Жақында ғана облысымызға жұмыс сапарымен келген  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, шын мәнінде бұл үлкен жетістік. Еліміз үшін қажетті өндіріс. Сіздер Қазақстанды әлемге тағы бір таныттыңыздар. Біздің елімізде де биотехнологияның дамығанын, жоғары білікті ғалымдардың бар екенін дәлелдеңіздер.

Шетелдерде мұндай өндірісті құруға 3-4 жыл  жұмсалса, біз тоғыз айдың ішінде үлкен зауыт сала алдық. Вакцинамыз дүние жүзінде мойындалып жатыр.

Мемлекет басшысы ғалымдарға, мамандарға барлық қажетті жағдай жасау, олардың ештеңеге алаңдамай жұмыс істеуіне, ғылыммен айналысуына қолайлы орта қалыптастыру, баспанамен, балаларын мектеп және балабақшамен кедергісіз қамту, уақыттарын тиімді өткізу бойынша нақты тапсырма берген болатын. Сол тапсырманың негізінде жалақыларыңыз артты, сіздерге арналып салынған 180 пәтерлі тұрғын үйлер бүгін пайдалануға берілуде. Бұл институт пен зауыт қызметкерлерін толығымен баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында өндіріліп жатқан  отандық вакцинаның коронавирус індетіне қарсы күреске және халықтың денсаулығын нығайтуға зор үлес қосатынына сенемін,- деген  аймақ басшысы қызметкерлер мен құрылысшыларға ризашылығын жеткізді.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария барынша қолдау көрсетіп жатқан ел, облыс басшылығына, құрылысшыларға деген ықыласын білдірді.

— Облыс әкімі екі жылда отыз реттен астам жұмыс сапарымен келіп, біздегі құрылыс барысымен, мәселелерімізбен, жағдайымызбен жиі танысып отырды. Соның нәтижесінде барлық жұмыстар дер кезінде әрі сапалы орындалды.

Институт қызметкерлері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Атап айтар болсақ, тұрғын үйлер, балалар ойын алаңшалары, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Талай жылдан бері институт қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алғаш рет шешімін тапты. Еліміздің және облыс басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз!, – дей келе Күнсұлу Закария жұмыстарды сапалы әрі жоғары деңгейде жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердегі пәтерлер толығымен тұрмысқа қажетті жиһаздармен жабдықталған, барлық инженерлік желілермен қамтылған.

Институт және зауыт қызметкерлері мен олардың балалары үшін 120 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ойын алаңшалары салынған.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.