• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қордайдағы қақтығыс салдарының әсері

turan_admin turan_admin
29.10.2020, 13:02
Облыс жаңалықтары
Қордайдағы қақтығыс салдарының әсері
164
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті жиында Мемлекет басшысының Қордай ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу мәселелері қаралды.

Аудан әкімі Рүстем Дәулет жалпы сомасы 35,1 миллиард теңгені құрайтын 392 жобаның 366 нысанында жұмыс аяқталғанын жеткізді. Қалған нысандар жыл соңына дейін аяқталмақ. 4627 жұмыс орны құрылған.

— Жобалар «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл — Ел бесігі», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Мектептер, тұрғын үйлер, мәдени және спорт мекемелері, денсаулық сақтау нысандары, жолдар салынуда, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар тартылып, ауылдар газ және су жүйелеріне қосылуда, — деді Р.Дәулет.

7,4 шақырым жаңа автомобиль жолдары салынып, 343,6 шақырым жол жөнделген. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 90 пайызға, ал ауылішілік көшелердікі 75 пайызға жетті.

Тоғыз ауылда (Қаракемер, Масанчи, Сортөбе, Бұлар батыр, Аухатты, Қордай, Әлжан ана, Қарасай, Еңбек) көшелер асфальтталып, 373 жол белгілері орнатылды. Жол-көлік оқиғаларының саны 39,7 пайызға азайды.

— Баспана мәселесі де шешімін табуда. Аудан бойынша 1524 тұрғын үй кезегінде тұр десек, бес көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген. Тағы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тағы 15 үй салынуда, — деді Р. Дәулет.

Жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Ауылдарда жеті спорттық және сегіз ойын алаңдары орнатылған.

— Ауданда үш білім беру мекемесі салынуда.

Апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесі толығымен шешілетін болады, — деді ол.

Төрт мектеп және үш денсаулық сақтау мекемесі күрделі жөндеуден өтті.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев 22 ауылда газбен қамту жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Бүгінгі таңда 10 ауылға магистральды газ құбыры тартылуда десек, Қарасу мен Өтеген ауылдары көгілдір отынға қосылып үлгерді. Қалған сегіз ауылда ауылішілік желілер тартылуда.

Қазіргі таңда Отар аулының маңынан автоматтандырылған газ тарату стансасы салынуда. Бұл жобаның құны 1 миллиард теңгеден асады.

— Құрылысы жоспарланған 175 шақырымдық газ құбырының 84 шақырымы тартылып үлгерді. Жыл соңына дейін тағы 12 ауылды, сондай-ақ Гвардейский қалашығында салынып жатқан иммундық препараттар шығаратын зауытты да газға қосу жоспарлануда, — деді Қ.Қорғанбаев.

Биыл орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйесі төрт ауылға тартылады. Осы мақсаттарға облыстық және республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді.

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов «Бейбітілік пен Келісім» жобасының іске асу барысын баяндады. Жоба аясында өткізілген кездесулер кезінде 16 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 18 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілген. Тағы 44 адам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы жұмысқа орналасыпты.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарамасы аясында 222 миллион теңгеге жеті жоба субсидияланды, 121,5 миллион теңгеге жеті жобаға ішінара несиелік кепілдіктер берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеті жобаға жалпы құны 119,7 млн.теңгені құрайтын қаржылық қолдау көрсетілді.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 72 кәсіпкер 296,2 млн.теңгеге несие алса, 584 ауыл тұрғынына жалпы 314,1 млн.теңгеге гранттар берілді. 250 ауыл тұрғыны «Бастау бизнес» бағыты бойынша оқытудан өткен.

Жаз маусымында қордайлық 500-ге жуық отбасы ауыл шаруашылығымен айналысу үшін уақытша көрші Шу ауданына аттанса,  117 отбасы — Алматы облысына, 74 отбасы — Қарағанды облысына барған.

— Мемлекет басшысының қолдауының арқасында қордайлықтардың әл-ауқатын жақсартуға  айтарлықтай көлемді қаражат бөлінуде. Ауылдықтардың өздеріне жасалып жатқан қамқорлықты сезінуі маңызды. Аудан тұрғындарының 95 пайызынан астамы газбен қамтамасыз етіледі, 88 пайызы орталықтандырылған таза ауыз суға қол жеткізеді, жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі үлесі 90 пайызға жетті. Ең маңызды мәселе – газдандыру.  Бұл мәселені шешу аймақ экономикасын көтеруге, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді, — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту бағытындағы жұмыстар негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін ескертті. Сонымен қатар жұмыссыздық, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне де баса назар аударуды тапсырды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.