Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы 3 жыл және 6 айға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаровқа сілтеме жасайды.
- Қордай аудандық сотының үкімімен:
— Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің м.а. К.Е.Айтпаев 3 жыл және 6 айға бас бостандығынан айыруға;
— әкімдіктің бас бухгалтері А.М.Рысмендиева 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Айтбаев пен Рысмендиева «Айсұлтан» ЖК-ін алдау жолымен оның есеп айырысу шотын қолма-қол ақшаға айналдыру және кейіннен жымқыру үшін жол көрсеткіштерін жасауға, тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді деп хабарлады тергеуші.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Заңға енгізген өзгерістерге сәйкес қызметшісі пара алған басшы сот үкімінен күшіне енгеннен кейін 10 күннің ішінде өз еркімен қызметтен босатылуы туралы өтініш жазуы тиіс. Заңның осы бабы Қордай ауданы әкімі Рүстем Дәулетке әсер етте ме?