• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қорғаныс саласындағы жетістік: жарты жылдағы кешенді шаралар

turan_admin turan_admin
25.08.2022, 17:20
Облыс жаңалықтары
Қорғаныс саласындағы жетістік: жарты жылдағы кешенді шаралар
867
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Кез келген елдің егемендігінің басты нышаны – дербес әрі мықты қарулы күштері. Бүгінде әскери қуаты мықты мемлекеттер әлемнің ірі державаларына айналып отыр. Расында саптағы сарбазының рухы мығым болса, іргесі берік қорғанысы болса, ондай елді ешқандай жау алмасы анық. 

Ал наурыз айында Қазақстанның Қарулы күштерінде роталар мен батареяларды жауынгерлік үйлестіру кезеңі басталды. Мұның соңғы кезеңі роталық тактикалық оқу-жаттығулардың жауынгерлік атыс жаттығуларымен аяқталады.

Мемлекеттік басшысының жауынгерлік даярлық бағдарламасын қайта қарау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бас штабта Қарулы күштердің жауынгерлік оқу процесін реттейтін құжатты қайта өңдеуді жүргізетін жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, әскерлерді оқытуда жеке құрамның жауынгерлік машығын жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.
Ротаны дайындау барысында әскери қызметшілердің елді мекендер мен таулы жерлерде заңсыз қарулы топқа қарсы епті және үйлесімді іс-қимыл жасап, шартты қарсыласты барлау және жою үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға баса назар аударылды.
Арнайы операция жүргізу мәселелерін пысықтау кезінде басқа әскерлер мен әскери құралымдардың бөлімшелерімен өзара іс-қимыл және іс жүзінде тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
– Рота дегеніміз елді мекенде заңсыз қарулы топтарға қарсы жауынгерлік іс-қимыл жүргізетін негізгі буын. Сондықтан әскери қызметшілер де, командирлер де құбылмалы жағдайда сенімді бағдарлап, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалана алуы аса маңызды, – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Бауыржан Күреңкеев.

Оқу-жаттығуы шеңберінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараның күзетін күшейту міндеттерін шекарашыларымен бірлесіп орындады.

Оқу-жаттығудың басталғаны жайлы дабыл алған оңтүстік өңірдің мемлекеттік шекара учаскелеріне жақын орналасқан бірқатар әскери бөлімшелер жедел түрде шекараға жетіп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі қолбасшылығының уақытша бағынысына келіп түсті.
— Қазіргі уақытта біз мемлекеттік шекарада Қорғаныс министрлігінің бірінші мотоатқыштар ротасымен бірлесе отырып, мемлекеттік шекараны күзету сұрақтарын пысықтап жатырмыз. Оның барлығы «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығудың аясында жүргізілуде. Осы жаттығудың шеңберінде Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен мемлекеттік шекараны бірлесе күзету және бұл жерде өзін-өзі ұстау, қауіпсіздік шараларын сақтау сұрақтары жүзеге асырылды, — деді Меркі ауданы бойынша шекара басқармасының жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы подполковник Бақытжан Айсағалиев.

Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығындағы мотоатқыштар бөлімшелерінің әскери қызметшілері Қазақстанның мемлекеттік шекарасында қызмет көрсете отырып, нағыз шекарашы болып көрді.
— Бұл жерде қызықты. Өзім өткен сабақтардан басқада мағұлматтар, мәліметтер алдым. Бұл жерде де өзіндік қиыншылықтар бар екен. Дегенменде, өзімнің қызметім жақсы, — деп бөлісті «Оңтүстік» ӨңҚ сарбазы Бекасыл Тілемісов
Сондай-ақ, шекарада нарядтық қызметті атқаруда, жасырын шекара нарядтарын қою кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мен сақтау мәселелері пысықталды. Бөлімше командирлері арасында өзара іс-қимыл мен байланысты ұйымдастыру мәселелері шешілді.
Мотоатқыштар батальонында борышын өтеп жүрген сарбаздардың шекарадағы жаттығуларға қатысуы әскери қызметтің басқа қыры туралы біліп қана қоймай, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді. Жігіттердің өздері де атқаратын қызметтің сан түрлі болғанын мақтан ететін жасырмады. Қанша дегенмен, олар шекара аймағында болып, ондағы іс-қимылға қатысты. Ал Шекара қызметінде кинолог болып жүрген қатардағы жауынгері Айдар Алдахер бірлескен іс-шаралар сарбаздардың кәсіби деңгейін арттырып, ой-өрісін кеңейтетінін жеткізді.

— Бір-бірімізден тәжірибелемен алмасып, білгендерімізбен бөлістік.. Қызмет барысында мемлекеттік шекараны бұзу белгілері байқалған жоқ. Біз өз Отанымыздың, халқымыздың, Қазақстан Республикасының берік қалқанымыз,- деді Айдар Алдахер. Сонымен қатар осы айда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасының жауынгерлері Жамбыл облыстық драма театрына арнайы ат басын бұрды. Театрға бару тәуліктегі әр минуты есептеулі, уақыты көп жағдайда жауынгерлік дайындықпен өтетін әскери қызметшілердің әскер өмірінде ерекше мереке болып қалатыны анық. Сарбаздардың кейбірі, мысалы Алматы облысынан келген Юнус Махмудов пен Абай Әбішев, Батыс Қазақстаннан Азамат Елемесов театрға алғаш рет келгендерін жасырмады. Олар көрермендер залын сүйсініп, тамсана қарап, театр стендтеріндегі плакаттар мен фотосуреттерді тамашалады. Мотоатқыштар батальонының гранатометшісі Юнус Махмудов: «Әскерге дейін мен театрға ешқашан барған емеспін. Осындай мүмкіндіктік туғанына өте қуаныштымын. Қызметіміз кезінде театрды аралап, халық арасында біраз жүріп, күн сайынғы жаттанды тәртіптен аздап демалып, сергіп қалдық», -дейді. Әскердегі қатаң тәртіп кімді де болсын шаршатады. Қалай болғанда да тәртіптің аты тәртіп. Десек те мұндай рухани шаралар мұнымен тоқтаған жоқ. Оқу-жаттығуға қатысу әрбір әскери қызметшіден жоғары табандылықты талап етеді. Және бұ жоғары моральдық және физикалық стресс. 4-16 сәуір аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткен «Батыл тойтарыс-2022» ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысушылар жауынгерлік даярлық тапсырмаларын орындап, жоғары нәтиже көрсетті. Соның өтеуі ретінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Айша бибі» оқу-жаттығу полигонында әскерилер үшін ұйымдастырылған концерт жауынгерлерге тамаша тарту болды. Жауынгерлік машиналардың қозғалтқыштары мен зеңбірек оқтарының шуынан кейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты көркемөнерпаздар үйірмесінің музыкалық нөмірлері ерекше әуезді, құлаққа жағымды әсер ете бастады. Бастапқыда ұстамды болуға тырысқан сарбаздар мен әскери қызметкерлер көп ұзамай ду қол шапалақтап, бірнеше минуттан соң даланың ашық концерт залында барлығы көңілдене түсті. Орындалған әндер мен концерттік нөмірлер әскери қызметшілердің жүректерін тебірентім, жағымды эмоцияларды оятты. Маңызды оқу-жаттығу сәтті аяқталып, сарбаздардың бойында жаңа күш-қуат пайда болды. Қорғаныс саласындағы рухани шара тек бұл емес. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригадада Бауыржан оқулары өтті. Шығармашылық кездесу қазақтың ұлы қолбасшысының мұрасына арналды. Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметін еске алуға арналған шығармашылық кешті өткізу туралы ұсыныс әскери бөлімнің әйелдер кеңесінен түскен. Бұл бастаманы мотоатқыштар батальонының әскери қызметшілері қуана қабыл алып, Бауыржан Момышұлының өзі жазған шығармаларды, сондай-ақ аты аңызға айналған қолбасшыға арналған  өлеңдерді оқыды.
Ал осы жылдың мамырында 2022 жылдың көктемінде әскерге шақырылған сарбаздар ант берді. 

Қорғаныс саласы тек ел қорғау ісіне ғана араласпайды. Бұған Таразда маусым айының алғашқы аптасында өткен арнайы оқу-жаттығу дәлел. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс батальоны қауіпті жұқпалы ауруларды анықтау шараларын әзірлеу бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуға Жамбыл облысының медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қатысты.

Қорғаныс саласындағы кешенді шаралар мұнымен тоқтаған жоқ. 7 мамыр – ҚР Қарулы күштері күні қарсаңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы басшылығының бастамасымен Тараз қаласында Жамбыл облысы жастарының әскери-патриоттық форумы өтті. Форумға «Оңтүстік» РҚК әскерлерінің қолбасшысымен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов және Жамбыл облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Әбдіров қатысты. Форумның мақсаты – жастар арасында азаматтық көзқарас пен қазақстандық патриотизмнің жоғары үлгісін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ұлттық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық борышын табысты орындауға шақырылымға дейінгі жастағы қазақстандық жастардың дайындығын пысықтау –патриоттық жиынның негізгі идеясы болды. 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.