• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 07:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің басшылығымен жұмыс тобы Арыс, Шымкент, Тараз және Луговой гарнизондарындағы әскери нысандардың жай-күйін, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және әскери қызметшілердің қызмет өткеру жағдайын тексерді.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
17.08.2026, 14:54
Қазақстан жаңалықтары
Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді
12
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кешенді бағалау полигондар мен әскери қалашықтарды ұстау және дамыту, казарма қорының жай-күйі, сондай-ақ жеке құрамның тұрмыстық жағдайы, тамақтану сапасы, медициналық және киім-кешекпен қамтамасыз етілуі сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтыды.
Шымкент гарнизонында күрделі жөндеуді немесе бұзуды қажет ететін апатты ғимараттардың техникалық жағдайы бағаланды. Әр нысан бойынша нақты шаралар айқындалып, оларды орындау мерзімдері белгіленді.

Тараз гарнизонында Қорғаныс министрінің орынбасары күрделі жөндеуден кейін ашылған монша-кір жуу кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұдан кейін полигондар, әскери инфрақұрылым нысандары мен казармаларды аралап, атты әскер бөлімшелеріндегі қызметтік жылқыларды ұстау және күтіп-баптау жұмыстарын тексерді.

91678 әскери бөлімінің аумағында ол парк шаруашылығының, мәдени-демалыс орталығы мен спорт залының жай-күйімен танысты. Оқу-жаттығу базасын дамытуға және әскери қызметшілерді даярлауға қажетті жағдай жасауға жіті аударылды.
Сонымен қатар генерал-майор А. Жұмакеев жаңа модульдік ғимараттардың құрылысы мен әскери нысандардағы күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Гарнизон басшылығымен казарма қорын одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.

«Қаратау» полигонындағы құрылыс жұмыстарымен танысу барысында Қорғаныс министрінің орынбасары оның инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Полигонды жаңғырту әскери қызметшілердің жауынгерлік, тактикалық және арнайы даярлығы бойынша практикалық сабақтар өткізуге қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл оқу мүмкіндіктерін кеңейтіп, «Айша бибі» полигонына түсетін жүктемені азайтады.

Арыс гарнизонында Қорғаныс министрінің орынбасары бүркемелеу торлары мен габиондар өндіретін цехтардың жұмысымен танысты. Гарнизон басшылығы тұрғын үй қорының жай-күйіне, сондай-ақ қызметтік кабинеттер, оқу сыныптары, қоймалар мен зертханаларға арналған алаңдарды кеңейту қажеттігіне қатысты мәселелерді көтерді.

Луговой гарнизонында генерал-майор Алмаз Жұмакеев қазандықтың жұмысын қамтамасыз етіп, оның тиісті жағдайда ұсталуына жауапты аудандық пайдалану бөлімінің мамандарының жұмысын жоғары бағалады. Ол қызметкерлерге адал еңбегі мен жабдықтарды үлгілі жағдайда ұстағаны үшін жеке алғысын білдірді. Соның арқасында қазандық жүйесі 26 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Әскери бөлімдерге барған кезде жұмыс тобы материалдық құралдар, киім-кешек мүлкі және жанар-жағармай материалдарының есебін жүргізуге жауапты қызмет мамандарына да әдістемелік көмек көрсетті. Бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды басым бағыттарға қайта бөлу қажеттігіне назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары әскери нысандарды салу және күрделі жөндеу жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды уақтылы іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұдан бөлек әскери қызметшілердің материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, тамақтануды ұйымдастыруға және медициналық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Тегтер: Әскері бөлімдерҚорғаныс министрлігіОңтүстік
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.