• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қолжетімді ипотека. «Наурыз» бағдарламасына өткен адамдардың тізімі жарияланды

Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша қатысушылардың тізімін жариялады

Turan Redaktor Turan Redaktor
15.07.2024, 21:31
Қазақстан жаңалықтары
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жамбылдық әскериге тұрғын үй төлемін алуға көмектесті
146
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін, 2024 жылдың 15 шілдесінде, 12 500 қазақстандық «Наурыз» бағдарламасының қатысушысы атанғаны туралы көптен күткен ақжолтай жаңалық естіді.

Өтініш берушілер мен жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың толық тізімі Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ресми сайтында жарияланған.

Барлығы 38 320 өтінім өңделді. Оның әрбір үшіншісі қатысушылар тізіміне енді.

«Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың басым бөлігі — ер адамдар.

Тізімге енген 12 500 адамның 7 151 отбасылы қазақстандықтар, 9 100 кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар. Қатысушылардың шамамен 47% тұрғын үй кезегінде тұрғандар, олардың жартысы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.

Ең жас қатысушы – Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны. Ол политехникалық колледжде IT мамандығы бойынша білім алуда. Отбасы банкінен депозитке ашып, алғашқы жарнаға қаражат жинауға баланың ата-анасы көмектескен екен. Енді тәлімгер Алматыда пәтер сатып алуды жоспарлап отыр.

«Наурыз» бағдарламасына қатысушылар 15 шілдеден 14 қыркүйекке дейінгі уақыт аралығында Отбасы банкіне кредиттік өтінім беруі тиіс. Егер бағдарламаға қатысушы заем бойынша оң мақұлдау алса, онда желтоқсан айының ортасына дейін баспана тауып, оны сатып алуға уақыты болады.

Ұпайлар қалай есептеледі?

— салым бойынша сыйақы мөлшері — әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;

— тіркелген некенің болуы — 5 ұпай;

— балалардың болуы — 10 ұпай (балалар санына қарамастан);

— халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы — 10 ұпай;

— 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.

«Наурыз» бағдарламасының шарттары:

  • алғашқы жарна — 20%-дан бастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме — 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме — 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
  • несие мерзімі — 19 жылға дейін.

«Наурыз» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша келесі шарттар ұсынылады:

— алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты және сақтандыру құралы бойынша;

— моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтағы тұрғын үй, жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын көлемде.

Заемның ең жоғарғы мөлшері:

— Алматы мен Астана қалалары үшін — 36 млн теңгеге дейін.

— қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысушы бастапқы тұрғын үйді Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) таңдап, брондай алады. Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.

Қазіргі уақытта банк Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) «Отау» бағдарламасына қатысушылар үшін де, «Наурыз» бағдарламасына қатысушылар үшін де тұрғын үй нысандарын белсенді орналастыруда. Қазір таңдауға 13 789 пәтерден тұратын 480 тұрғын үй кешені ұсынылған. Бұл тізім күн сайын толықтырылып отыр.

«Отбасы банк» баспасөз қызметі

Тегтер: баспанажеңілдетілген несиеипотеканаурыз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.