• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Олжас Бектенов су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды.

turan_admin turan_admin
18.06.2024, 15:55
Қазақстан жаңалықтары
Олжас Бектенов су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді
28
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Шомылу маусымы кезінде алдын алу шаралары туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов есеп берді, сондай-ақ ішкі істер, оқу-ағарту және көлік министрлері баяндама жасады.

Бүгінгі таңда жазғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін еліміз бойынша су айдындарында 42 құтқару бекеті жұмыс істейді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінде, сондай-ақ Қосшы қаласында 3 модульдік стансаның құрылысы аяқталады. Сонымен қатар қайықтар мен құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар құрылды. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп шомылуға және демалуға рұқсат етілген орындарды көбейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде еліміз бойынша осындай 708 орын жабдықталған, жағажайлардың орналасқан жері туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған. Судағы қауіпсіздікті бақылау, оның ішінде су айдындарының жағалауларында спирттік ішімдіктерді тұтыну фактілерінің жолын кесу жөніндегі профилактикалық іс-шаралар шеңберінде акваторияларға патруль жүргізіледі. Жыл басынан бері 26 мыңнан астам рейд ұйымдастырылып, 3 мыңға жуық құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Үкімет отырысы барысында су айдындарына жақын жерде ұйымдастырылған балалар демалысы мәселесіне ерекше назар аударылды. Мониторингтік топтар суға шығатын 31 қала сыртындағы лагерді және өз бассейндерімен жабдықталған 127 демалыс базасын тексерді. Статистикаға сәйкес, жыл сайын республиканың су айдындарында 200-300-ге жуық суға кететіндердің 100-ге жуығы — балалар. Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктеріне судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу шараларын күшейтуді, оның ішінде жүргізіліп жатқан патрульдеу шарансын арттыруды тапсырды. Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жағдайды нақты уақыт режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қабылдау да маңызды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың арқасында құрбан болғандар саны 6%-ға қысқарды.

«Алматы және Павлодар қалаларында жүзіп бару шекарасын байқауға және суға батып бара жатқандарды ерте анықтауға мүмкіндік беретін қашықтан мониторинг жасау жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтті. Ақтөбе облысында суға батып бара жатқан адамға батырма арқылы көмек шақыру сигналын жіберуге мүмкіндік беретін интерактивті қалқыма жобасы әзірленді. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктері осы тәжірибені зерделеп, пайдалануы тиіс. Жағажайларда бақылау камераларын орнату және тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет», — деп атап өткен Олжас Бектенов қоғамдық құтқарушыларды тарту бойынша жұмысты одан әрі жандандыру қажеттігін айтты.

Ірі су айдындарынан басқа арықтар мен суару каналдары да қауіп төндіретініне айрықша назар аударды Үкімет басшысы Олжас Бектенов. Балалардың қайтыс болу жағдайлары негізінен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеледі. Премьер-Министр әкімдіктерге қоршаулар орнату арқылы инженерлік құрылыстарды абаттандыру мәселесін шешуді тапсырды. Сонымен қатар қалалық субұрқақтардың қауіпсіздігін тексеру маңызды.

Шағын көлемді кемелерді пайдалануды бақылау бойынша қатаң шаралар қабылдануы тиіс. Ақауы бар су көлігін пайдалану көбінесе қайғылы жағдайға әкеледі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 19 мыңнан астам кеме тіркелген, оның 90%-дан астамы өздігінен жүретін кемелер.

Тегтер: БЕКТЕНОВқауіпсіздікҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫшомылу маусымы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.