• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

17.10.2025
0
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі отырысын өткізді
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жиынға алғаш рет дауыс беру құқығы бар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты. Қазақстандық Alem LLM тілдік моделі негізінде құрылған бұл нейрондық желі бұған дейін Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысына таныстырылған болатын.

Отырыстың күн тәртібінде Қор қызметінің биылғы 9 айдағы қорытындылары қаралды.

Президенттің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысына назар аударылды.

Жамбыл облысында жел энергиясы үшін компоненттер шығаратын зауыт іске қосылды. Жаңаөзенде қуаты 50 МВт күн электр стансасы пайдалануға берілді. Қосшы қаласын газбен қамтуға арналған алғашқы іске қосу кешені ашылды. 

Ұзындығы 409 шақырымды құрайтын жаңа инфрақұрылым сағатына 32,8 мың текше метрге дейін газ тасымалдауды қамтамасыз етеді. 

«Достық – Мойынты» учаскесіндегі екінші жол пайдалануға берілді, бұл теміржол желісінің өткізу қабілетін едәуір арттырады, жүк тасымалын жеделдетеді және еліміздің экспорттық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады. 

Ұзындығы 302 шақырым болатын жаңа «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры пайдалануға берілді. Қор энергетика, көлік, цифрландыру саласындағы ауқымды бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Директорлар кеңесінің мүшелері жобаларды жүзеге асыру тиімділігіне қатысты бірқатар мәселе көтерді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жалпы алғанда қаржылық көрсеткіштерде тұрақты оң динамика бар екенін баяндады. Өндірістік нәтижелер жоспарланған мәндер деңгейіне сәйкес келеді. Мониторинг нәтижесіне сәйкес Қор тобының ірі инвестициялық жобалары бойынша қаражатты игеру көрсеткіші 99%-ды құрайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Директорлар кеңесі мүшелерінің назарын Қордың отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларды орындауы мәселесіне аударды. Директорлар кеңесінің цифрлық мүшесі SKAI биылғы 9 айда Қордың отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі  артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75%-ға жеткенін хабарлады. Отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алу 721 млрд теңгені құрады. Барлығы 497 отандық тауар өндірушімен 7 227 шарт жасалды (2024 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 411 млрд теңге, 516 ОТӨ-мен 414 шарт болған еді). SKAI-дың бағалауы бойынша, биылға арналған сатып алу жоспары Wabtec-ке қарайтын отандық өндірушіден локомотивтер сатып алу туралы мәміле есебінен айтарлықтай асыра орындалады.

Отырыста сондай-ақ Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат тыңдалды, оның шеңберінде «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының қызметкерлері шамамен 1 млн ағаш отырғызады. Сонымен қатар инклюзия, спорт және медицина саласындағы әлеуметтік жобалар туралы ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда 87 нысан базасында, оның ішінде спорт кешендері, оңалту орталықтары мен инклюзияны қолдау кабинеттерінде 700 мыңнан астам адамға әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Жыл соңына дейін Қор бірқатар нысанды, соның ішінде Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңа спорт кешендерін ашуды жоспарлап отыр. 

Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының басшылығына инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмыстарын күшейту тапсырылды. Тауарлар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін арттыру қажет.

Тегтер: Қазақстан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты