• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі отырысын өткізді.

13.06.2025
0
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысының экономиканың басым салаларына ірі инвестициялық жобаларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы Қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың баяндамасы тыңдалды. Қордың негізгі қаржылық, өндірістік көрсеткіштеріне және сатып алу процесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.

«Самұрық-Қазына» басшысы директорлар кеңесіне мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика, тау-кен және басқа да салалардағы инвестициялық 46 жобаны жүзеге асыру туралы айтты. Биылғы 4 айда олар бойынша қаржының игерілуі 98%-ды құрады. Осы жылы жалпы құны 355 млрд теңгеге жуық 5 жоба пайдалануға берілді.

Ақтау портында контейнерлік хаб іске қосылды. Нысан теміржол құрамдарын қабылдауға, жүктерді өңдеу және оларды теңіз көлігі арқылы әрі қарай жөнелтуге қауқарлы. Каспий теңізі су аймағындағы ең ірі контейнерлік хаб жүк тасымалдау көлемін арттырып, Қазақстанның халықаралық бағыттардағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Алматыда жобалық қуаты 115 мың ЖФЭ (жиырма футтық контейнерлер) Zhetysu халықаралық логистикалық терминалы пайдалануға берілді. Сиань портымен (ҚХР) бірлесіп іске асырылған жоба Қазақстанның Қытаймен және Еуропа елдерімен көлік байланысын нығайтады.

Ақтаудағы CASPI BITUM зауытын жаңғырту жұмыстары аяқтал, қуаттылығын жылына 750 мың тоннаға дейін, 50%-ға арттырды. Алматыда 350 төсек-орынға арналған инфекциялық аурулардың жоғары технологиялық ғылыми орталығы салынды.

Кендірліде су тұщыту зауытының құрылысы аяқталуға жақын, нысанда іске қосу-баптау жұмыстары және жабдықтарды жұмысқа дайындау жүргізілуде.

Бұдан басқа, Жетісу облысында ұзындығы 302,4 км «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы кестеден озып аяқталып, полиэтилен және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін өндіруге арналған газ бөлу кешенінің жобалары бойынша ерте құрылыс жұмыстары басталды.

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығы мен жауапты министрліктерге инвестициялық жобалардың уақтылы іске асырылуын және отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: ҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас БектеновСамұрық Қазынаұлттық компания

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты