• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өткізді

turan_admin turan_admin
12.08.2025, 15:59
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
1 қазанға дейін Қазақстан көші-қон тұжырымдамасының жобасы енгізіледі
20
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Онда Президент белгілеген негізгі тоғыз бағыт қарастырылды. Олардың қатарында экономиканың нақты секторына, мемлекеттік басқаруға, денсаулық сақтау салаларына ЖИ енгізу, Жасанды интеллект және цифрлық трансформация стратегиясын әзірлеу, мемлекеттік қызметтерді және өтініштермен жұмыс істеу процестерін дамыту, ІТ-архитектураны, QazTech ұлттық платформасын жаңғырту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, отандық IT стартаптарды қолдау және Smart сity-ді дамыту мәселелері бар.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Президент тапсырмаларын жүзеге асырудағы тәсілдер туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, экономикаға жасанды интеллектіні енгізу басым міндет болып отыр. Осы бағытта Үкімет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-пен бірлесіп, еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірістік процестерге ЖИ енгізу жөніндегі жол картасын әзірлеуге кірісті.

Жаңа технологиялар денсаулық сақтау саласында дұрыс диагноз қоюға, ем-шара тағайындауға және науқастарға мониторинг жүргізуге, дәрігерлерді күнделікті міндеттерден босатуға мүмкіндік береді. Бұл халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына, ашықтығы мен тиімділігіне оң әсер етеді.

Отандық стартаптардың Денсаулық сақтау министрлігінің инфрақұрылымына қолжетімділігі, Бірыңғай медициналық деректер базасына көшуі және тағы басқалары – маңызды қадам.

Мемлекеттік қызметтер саласында Aitu-ды ұлттық мессенджер ретінде бекіту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік органдар Аitu-ға көшіріліп, экожүйенің негізгі қатысушылары бірыңғай цифрлық ортаға біріктіріледі. Бұл тәсіл заманауи, қауіпсіз әрі ыңғайлы цифрлық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді, онда мемлекеттік қызметтер әрбір азаматқа «батырманы бір рет басу» арқылы қолжетімді болады. Сонымен қатар еліміздің IT ландшафтының архитектуралық үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ деректерді қорғау және киберқауіпсіздік саласында шаралар кешені бойынша жүйелі жұмыстар көзделген.

«Мемлекет басшысы ЖИ технологияларын барлық салаға енгізудің өзекті мәселелеріне баса назар аударып отыр. Бұл мәселелер жылдам әрі өзара тығыз әрекет ете отырып шешу қажет. Мұндағы мәселе тек ЖИ жұмысының құқықтық негізін жетілдірумен шектелмейді, одан бөлек деректердің шашыраңқылығы, суперкомпьютердің қуатын бөлу бойынша нақты регламенттің болмауы, киберқауіпсіздік, QazTech платформасына толық көшу сынды мәселелер шешімін табу керек. Бұл міндеттердің барлығы еліміздің цифрлық трансформациясы үшін стратегиялық маңызға ие, сондықтан да көрінетін экономикалық тиімділікпен осы жылдың желтоқсан айына дейін орындалуы тиіс»,

— деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, ұсынылған тәсілдерді пысықтау тапсырылды. Үкімет жақын арада нақты мерзімдері мен нәтижелері бар іс-шаралар жоспарын қабылдайды.
ЖИ-ді жедел дамыту және экономикаға енгізу, сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының жүзеге асырылуын бақылау мақсатында Премьер-министрдің өкімімен цифрлық трансформация жөніндегі топ (цифрлық штаб) құрылды.

Премьер-министр төрағалық ететін цифрлық штаб құрамына: Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Президенттің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі кірді.

Цифрлық штабтың міндетті шешімдерді жылдам қабылдауы жасанды интеллект технологияларын жедел әрі жаппай енгізуге ықпал етеді.

Тегтер: Олжас Бектенов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.