Республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсында Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев 2-орын иеленді. Ауыл азаматтарының бірлігін, этнос өкілдерінің ауызбіршілігін бірінші
орынға қойған Ержан Әлімжанұлын аудан әкімі Сәкен Арубаев пен әкімдік қызметкерлері, әріптестері ізгі тілегін білдіріп, жеңісімен құттықтады.
«Үздік ауыл әкімі» байқауының мақсаты — ауылдық жерлерді дамытуға елеулі үлес қосатын, сонымен қатар, белсенді жұмыс жасайтын, жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау, қолдау.
Қазақстанның 100-ден астам ауылдық округтерінің әкімдері қатысуға өтінім берген байқауда Жамбыл облысынан 14 ауыл әкімі өтінім берген. Айта кету керек, облысымыздың намысын қорғаған Е.Данаев ашықтығымен, іскерлігімен ерекше көзге түсіп, бағаланған.
Өңірлік коммуникацялар қызметі