“Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы” КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты жоба шеңберінде «Жергілікті өзін-өзі басқару мектебі» Қоғамдық кеңес мүшелеріне, азаматтық белсенділер, блогерлерге арналған семинар бағыты аясында “ОБЛЫСТЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС” атты семинар- кеңес өтті. ZOOM платформасы арқылы өткен шараға қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері, жауапты мамандар қатысты.
Онлайн семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық істері комитетінің Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшылары Талғат Ахмадиев пен Жанар Санаубаева қонақ болды. Сарапшылар қоғамдық кеңес жұмысы туралы сөз қозғап, семинар- кеңеске қатысушы мамандардың тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап берді. Республикамыздағы Қоғамдық кеңестердің оң тәжірбиесі мен Министрлікке өткізілетін есепті толтыру жөнінде тың ақпараттармен бөлісті.