• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Облыстан «ЭКСПО-2017» ХМК 100 000 адам қатысады

24.07.2017
0
Облыстан «ЭКСПО-2017» ХМК 100 000 адам қатысады
311
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыстан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 100 000 адам қатысады деп жоспарланып, бұл бағытта көрмені насихаттау, жарнамалау, көрме билеттерін сатып алу, жолаушыларды тасымалмен қамтамасыз ету, оларды Астана қаласында орналастыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Тараз-Астана-Тараз» бағыты бойынша қосымша жолаушылар пойызы, оған қоса облыс бекеттері арқылы өтіп жатқан пойыздарға қосымша 3 тіркеме вагондар қосылды.
«Тараз-Астана» авиарейсі бойынша аптасына 10 ұшақ Астана қаласына қатынауда («СКАТ» авиакомпаниясы 180 орындық 7 рейс, «АirАстана» авиакомпаниясы 97 орындық 3 рейс).
Авто тасымалы бойынша «Dim Dimich & Company» (50 орынды қалааралық 35 автобустары бар) және «Профсоюз турист» ЖШС-терінің (50 орындық 3 автобус бар) айналысады.
Сатылған билеттерің саны 77 330, оның ішінде 11 535 билет соғыс ардагерлері мен барлық топтағы мүгедектерге арналған жеңілдікті билеттері.
Бүгінгі күнге 10 607 облыс тұрғындары ЭКСПО көрмесін қызықтап қайтты.
Бүгінгі күнге дейін туристік бағдарламаларды таныстыру мен ЭКСПО көрмесіне турпакеттерді сатып алу шарттарын түсіндіру бойынша ірі кәсіпорындар мен облыс аудандарына іс-сапарлар ұйымдастырылды.
ЭКСПО-ны өткізу кезеңінде Астанадағы апартаменттер, қонақ үйлер, хостелдермен облыс тұрғындарын қабылдау бойынша келісім шарттарға қол қойылған («Baiterek Travel Center» ЖШС, «Кочевник» ЖШС).
Көрмеге 6 222 оқушы-балалар қатысады, бұл орайда 241 млн. 873 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. ЭКСПО көрмесі іс-шараларының жоғары дәрежеде өтуіне атсалысу мақсатында облыстан 150 еріктілер дайындалды. Сондай-ақ, теміржол көлігі арқылы Астана қаласына жетуі мен кері қайтуына қажетті 3 млн. 600 мың теңге бөлінді. Олар 2017 жылдың 6 тамызынан 12 қыркүйегіне дейін Астана қаласында болады.
Облыс аумағында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ілгерілету бойынша Тараз қаласы мен аудандар орталықтарында, қоғамдық орындарында сыртқы ақпараттық көрнекі құралдар орналастырылды. Жалпы, облыс бойынша 117 билборд, 4 брандмауэр, 26 лайтбокс орналастырылған және 3 үлкен және 10 кішкентай қалалық LED-экранда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ –ның 3 бейнероликтері күніне 50 рет кезеңділікпен көрсетілуде. Жыл басынан бері жергілікті мерзімді басылымдардың «ЭКСПО-2017» айдарымен арнайы бекітілген логотиппен 252 материал топтамалары жариялануда. Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасынан 117 астам сюжет көрсетілді. Тараз қаласы мен аудандар орталықтарында, қоғамдық орындарында, темір жолдар мен автобекеттерде көрме туралы 80 плакат және 200 постер сыртқы ақпараттық көрнекі құралдар орналастырылды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде облыстық «Қазақстан – Тараз» телеарнасында аптаның жұмыс күндері аптасына 3 рет 2 бейнеролик көрсетіледі.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген қонақтарды қабылдау бойынша жұмыстар атқарылуда. Естелік сыйлықтар, сувенирлер, буклеттер, деректі фильмдер дайындалып, мұражайларға және тарихи нысандарға экскурсиялар ұсынылып отыр.
Бүгінгі таңда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өту кезеңінде Жамбыл облысына жүз мыңнан аса турист келген.
Көрме аясында шетелдік туристер мен қонақтарға облыстың арнайы туристік бағытына кірген бірегей тарихи-мәдени объектілерге бару ұсынылып отыр. Біздің облысты ғана емес және жақын аймақтарды қамтитын арнайы туристік бағыттар әзірленді. Болашақта, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту бойынша бұл бағыттарды көршілес Қырғызстан мен Қытай мемлекеттерімен байланыстыру жоспарланып отыр. Үздік бағыттар «ЭКСПО-2017″ҰК»АҚ-на жіберілді.
Облыстың 31 туристік нысаны кіретін 8 туристік бағыт әзірленді. Аталған нысандарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық тақтайшалар мен жол сілтемелер дайындалып, орналастырылды.
Сонымен қатар, көрме кезінде өткізілетін облыстық іс-шаралар жоспары өңделді. Жоспарға сәйкес шілде, тамыз айларында біршама ірі туристік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Мысалы: «Silk Way» туры, «Астана – менің Отанымның Елордасы» жобасы бойынша оқушыларды Астана қаласына жіберу, халықаралық туристік инвестициялық форумы, Қытай туроператорларына арналған ақпараттық тур.

Тегтер: Аралбековақарлығаш ӘмірқызыТараз . астанаэкспо-2017
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

02.06.2025
Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

02.06.2025
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

02.06.2025
Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

02.06.2025
Тоқаев «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

Тоқаев «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

02.06.2025
Еркін күрестен өткен турнирде төрт бірдей жүлде!

Еркін күрестен өткен турнирде төрт бірдей жүлде!

02.06.2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған жекпе-жек!

Жеңістің 80 жылдығына арналған жекпе-жек!

02.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты