• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 20:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыста волонтерлық қозғалыстың жүзеге асырылуы

turan_admin turan_admin
12.12.2019, 12:17
Облыс жаңалықтары
Облыста волонтерлық қозғалыстың жүзеге асырылуы
596
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облысымызда түрлі бағыттағы волонтерлік қозғалыстар мен ұйымдар бар. Бүгінде олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда. Олардың қатарында, халықтың демеуімен мұқтаж жандарға (жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі кісілерге, көп балалы, жалғыз басты аналарға, т.с.с) баспана алып беру бағытында «Харекет» қайырымдылық қоры, жалғыз ілікті қарттар мен жетім-жесірлерге, аса ауыр халдегі ауру балаларға көмек көрсету бағытында «Қайырымды жандар» ұйымы, көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан дарынды балалардың қосымша білім алып, дамуына жағдай жасау бағытында «Жарқын болашақ» жобасын, аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында «Ақ дастархан» жобасын, мұқтаж отбасыларды қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша «Жылу сыйла» жобасын, т.б. қайырымдылық бағытындағы жобаларды жүзеге асырып жүрген «Өркен Ниет» қоғамдық қорын, мұқтаж отбасыларға киім-кешекпен, тұрмыстық заттармен, азық-түлікпен нақты көмек көрсетуге бағытталған «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын ерекше атап айтуға болады. 

   Биылдан бастап волонтерлардың әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды.Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің №52 Қаулысымен (2019 жылғы 14 наурыздағы) «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі Жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес әлеуметтік карта жасақтау мақсатында барлығы 1800 жас волонтер ретінде тартылды.

        Бұл мақсатқа 15 млн теңге қаржы қаралды. Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені (Бейбітшілік 97 «А», Бәйдібек би 1 «А», Төле би 74 «Б» көшелерінде) ашылды, олар қажетті жабдықтармен (арнайы сөрелермен жабдықтау, тазалау құралдары т.с.с.) жабдықталды.

        Халық көп шоғырланатын 5 сауда орындарында арнайы киім-кешек, тұрмыстық заттар қабылдауға арналған жәшіктер
(9 мөлтек ауданы «Айырылмас» СО, Абай даңғылы «Тарго» СО, Қант зауыты аймағы, Рафинадная көшесі 3 «А» «Тәтті себет» («Вкусная корзинка») СО, Жібек жолы 64 «Б» (40 мельница), «Тәтті себет» («Вкусная корзинка») СО)орнатылды.

        Жыл басынан бері жалпы 5 тонна (797 кг — қорлардан, 4,2 тонна халықтан) киім-кешек жиналса, 2 тонна киім-кешек үлестірілді.

        Жалпы дүкенде 3 тонна киім-кешек қоры бар.

        Дүкендерге 70 отбасы айына 1 реттен келсе, 20 отбасы
3 айда 1 реттен келетіні анықталды.

        Сол сияқты, жоба аясында волонтерлардың ықпалымен облыс бойынша 609 отбасына 3,2 млн теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді.

        Жоба аясында «Харекет» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып Т.Рысқұлов, Байзақ аудандары мен Тараз қаласында
6 мұқтаж (Байзақ — 2, Қаратау — 2, Т.Рысқұлов — 2) отбасына пәтер алып берілді. Жыл соңына дейін 4 үй алып беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, келер жылды мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Волонтерлар жылы» деп жариялағаны бәрімізге белгілі. Яғни, алдағы жыл «Жастар жылының» жалғасы десек те болады. Сондықтан, облысымыздағы волонтерлардың әлеуетін одан әрі дамыту, олардың күш-жігерін қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағыттау мақсатында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2020 жылға 12 млн. теңге қаржы бөлу жоспарлануда. 

Ендігі біздің міндетіміз, облысымыздағы барлық волонтерлік ұйымдар мен қайырымдылық қорлардың басын бір арнаға тоғыстырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып нәтижеге бағытталған жұмыстарды бірлесе атқару болып отыр. Оған атсалысу – барлығымыздың міндетіміз. Сондықтан біз бірігіп, түсінісіп, ақылға салып іс қылсақ, әрқайсымыз өз саламызда тер төге еңбек етсек, оны өзгелерге үйретіп, насихат етуді жолға қойсақ, волонтерлар жылын абыроймен атқарып, алға қойған мақсаттарымызға жететініміз хақ.

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.