Биылғы жылдың 22 қаңтарында Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтың төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында комиссияның ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихаттаудың жай-күйі мен оны жетілдіру жөніндегі шаралар және оларды шешу жолдары талқыланды.
Террористік сипаттағы қылмыстар үшін түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарының жай-күйі қаралды.
Отырыс нәтижесі бойынша қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Жамбыл облысы бойынша Терроризмге қарсы комиссия аппараты