• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыста газбен қамтылу көрсеткіші 88,6 пайызға жетті

turan_admin turan_admin
12.02.2022, 13:28
Облыс жаңалықтары
Облыста газбен қамтылу көрсеткіші 88,6 пайызға жетті
850
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы елді мекендердің газбен қамтылуы 88,6 пайызды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу көзделуде.Осы және газ тарату ісіне қатысты бірқатар мәселелер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалында өткен жиында айтылды. Басқосуда филиал басшысы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Аймақ басшысы аталған филиалмен өткен жылы бірқатар тірліктер тындырылғанын, әсіресе Қордай ауданында ауқымды жұмыст аратқарылғанын атап өтті. Дегенмен әлі де жүзеге асуы тиіс жобалар аз еместігіне, екі аудан орталығының «көгілдір  отынсыз» отыруына назар аудартты.

– Жаңатас қаласы әлі күнге газға қосылмаса, Мойынқұм ауданының тұтастайхалқы «көгілдір  отынның» келуін асыға күтіп  отыр. Осы екі ауданды газдандыруды біз ертерек шешкеніміз жөн, – деді облыс  әкімі.

Мұнан соң «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Сәкен Исмайлов облыс  әкімі алдында есеп берді. Филиал басшысының айтуынша, өткен жылы газды тұтыну көлемі 30 пайызға артқан.

Тараз қаласы мен 9 ауданға «көгілдір отын» кедергіссіз жетіп  тұр. Қаратаудағы газ құбыры желісі күрделі жөндеуден  өткен. Осы салада еңбек ететін жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға, әкімшілік қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өскен.

Былтыр 153 мың теңге айлық алатын жұмысшының жалақысы  биыл 196 мың теңгеге жеткен. Жиында кәсіпорында қызмет ететін 74 адамға түрлі көмектер көрсетілгендігі айтылды. Мәселен, дауыл салдарынан үйлері қирап қалған 3 маманның баспаналарының жөнделуіне қажетті көлемде көмек берілген. Қызметкерлердің Қапшағай мен Бурабай сауықтыру аймақтарында қолжетімді бағамен демалып  қайтуларына да мүмкіндік жасалған.

Жиында Тараз қаласының  әкімі Ержан Жылқыбаев, бірқатар басқарма басшылары, электр, жарыққа қатысты мекеме басшылары қысқаша пікір білдіріп, аталған филиалдың жұмысына ризашылықтарын жеткізді.

Жиынды облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев қорытындылады.

— Филиалмен бірқатар жұмыстар атқарылғаны көрініп тұр. Дегенмен алдағы міндеттер де ауқымды.

Кейбір ауылдарда газ бар, бірақ сол ауылдағы мектепке, ауруханаға газ жетпеген. Газ кірген ауылдардағы мектептер неге көмір жағуы тиіс? Бұл тұрғыда жергілікті билік, аудан, ауыл әкімдіктері филиалмен бірлесе отырып, істі ұтымды үйлестіре білуі маңызды.

Одан өзге де ауқымды  мәселелер бар.Бірқатар кәсіпорындардың жұмысына газдың жоқтығы қолбайлау болып отыр. Жалпы, қай саланың ілгерілеуіне де газ өнімінің әсері мол, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.