• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыста 900 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді — Антикор

Сонымен қатар 205 млн теңге облыстық бюджетке қайтарылды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
11.04.2025, 15:47
Облыс жаңалықтары
Облыста 900 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді — Антикор
79
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров ӨКҚ алаңында “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын Жамбыл облысында іске асыру жолындағы аралық нәтижелер туралы” брифинг өткізді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты құралдардың бірі алдын алу және оған қарсы мәдениет қалыптастыру. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 80 іс-шара ұйымдастырылып, оған 5000-нан астам адам қамтылды.

​Өңірдің  өзекті мәселелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізіп, жүйелі жұмыстар атқару жолға қойылған болатын. Атап айтқанда, Департамент ұсынымы негізінде облыс әкімінің өкімімен жол саласындағы бақылауды күшейтуге бағытталған «Жамбыл – сапалы жол» жобасы іске қосылды. Жоба аясында мердігерлер мен техникалық қадағалаушылардың жауапкершілігін күшейту және жол құрылысы сапасына бақылауды арттыру бойынша нақты шаралар қарастырылған.

​Одан бөлек, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында біріңғай мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы тауар мен қызметтердің сатып алуы барысындағы баға жоғарлауына жүргізілген мониторингпен 900 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді.

​Кәсіпкерлік басқармасына жүргізілген сыртқы талдау барысында туризм саласына қатысы жоқ іс-шараларға қаражат жоспарлау фактісі анықталып, Департаменттің ұсынымы негізінде 205 млн теңге облыстық бюджетке қайтарылды.

​Мемлекеттік сатып алу саласындағы жүргізілген мониторинг нәтижесінде Меркі ауданындағы 6 ауылдық округ әкімі бір көзден келісімшарт жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

​Тұрғын үй қатынастары саласына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша үй алуға негіз болмаған, яғни тұрғынжайлары бар және басқа өңірге көшкен 1600 азамат тізімнен шығарылды.

​Табиғи ресурстар басқармасына жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде 25 жер қойнауын пайдаланушы тарапынан 70 млн теңгеден астам қаржылық міндеттемелер орындалмағаны анықталды. Департаменттің ұсынымымен 11 пайдаланушы талаптарды орындап, 60 млн теңге бюджетке төленді. Сондай ақ, сыртқы талдау барысында табиғи ресурстар саласында 2,1 млн теңге көлемінде белгіленген нормадан жоғары заңсыз жалақы төлеу фактісі анықталып, бұл қаражат бюджетке қайтарылды. Департаменттің ұсынымымен басқарма мен оған қарасты 17 ұйымға «Бірыңғай цифрлық есепке алу» жүйесі енгізілді. Бұл жүйе арқылы жалған дерек енгізу, шекті нормадан артық еңбекақы төлеу және өлі жандарға қаржы аудару сынды заңбұзушылықтардың жолы кесілді.

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: антикорбюджет қаражатыЖамбыл облысысыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.