• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі зиялы қауым, ардагерлермен кездесті

Бейресми форматта өткен кездесуде бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

21.09.2023
0
Облыс әкімі зиялы қауым, ардагерлермен кездесті
116
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы алдымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басым бағыттар мен алдағы жоспарларға қатысты қысқаша тоқталып өтті.

-Біз индустрия, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамытуға барынша ден қоямыз. Инвесторлар тарту ісі де назардан түспейді. Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт салаларына жыл сайын қомақты қаржы қаралып, көптеген нысандар бой көтеруде. Ең бастысы –тұрғындардың тұрмыстық тіршілігін жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру. Өңірдің туризмдік әлеуетін тиімді пайдалануға күш салу керек. Ауыл шаруашылығында терең өңдеу ісін дамыту қажет.

Сондай-ақ, облыс орталығы саналатын Тараз қаласының барлық бөлігіндегі тазалықты сақтау, инфрақұрылым-инженерлікке қатысты мәселелерді шешу, аулаларды абаттандыру жұмыстарын назарға аламыз. Күн сайын өзім жұмыс уақытынан тыс қаланың барлық округін аралауды қолға алдым. Бұл бағыттағы жұмыстарды аудан орталықтарында да жалғастырамыз,-деді Ербол Қарашөкеев.

Жылы шырайлы кездесуде облыс әкімі әлеуметтік ахуалды саралауда, руханият пен мәденитті дамытуда, жастар тәрбиесінде алдыңғы буын ағалар мен зиялы қауымның парасатты пікірлері мен ұтымды ой-ұсыныстарының маңыздылығын баса атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев өңірдің экономикасымен қатар мәдениеті мен руханиятын дамытуға да айрықша басымдық беруді атап өтсе, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ардагерлерді сауықтыру мәселесін көтеріп, тегін ем шаралары кезіндегі қызмет сапасының сын көтермейтінін, аймақ ардагерлері үшін белсенді өмір сүру орталығы қажет екенін жеткізді.

Ақын Шырын Мамасерікова өңір қаламгерлерін қолдауға қатысты ұсыныстарымен бөліссе, облыстың Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов кадр саясатына қатысты, ал жазушы-журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы идеология мәселесіне айрықша мән берудің маңыздылығына тоқталды.

Қаламгер, ардагер журналист Бекет Момынқұлов Бауыржан Момышұлының алдағы бірер жылда 115 жылдығы келе жатқанын, осыған  орай өңірлік жоғары оқу орындарының бірінде батырдың атымен арнайы стипендия тағайындалса деген ұсынысын айтса, «Ғұмыр-Дария» газетінің редакторы Жаңабай Миллионов газеттердің таралымының төмендігі бойынша мәселеле көтерді.

Аймақ басшысы басқосуда көтерілген осы және бұдан басқа да мәселелерге жіті назар аударып, барлық өтініштер мен ұсыныстар ескерілетінін жеткізіп, рухани әріптестік байланыс аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жемісті жалғасын табатынын атап өтті.

 

Тегтер: ардагерлерЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысызиялы қауымкездесу

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты