• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Жуалы ауданындағы жұмыстармен танысты

turan_admin turan_admin
12.12.2021, 00:09
Облыс жаңалықтары
Облыс әкімі Жуалы ауданындағы жұмыстармен танысты
315
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапары аясында бірқатар нысандардың, құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аймақ басшысы алдымен Түктібай ауылындағы «Злиха» шаруа қожалығының картоп плантацияларына барды. 2001 жылы құрылған   шаруашылық бүгінде аяғынан нық тұрған. Биылғы жылы 70 гектар жерге картоп отырғызса, 100 гектарға арпа, 147 гектарға көпжылдық шөп еккен. Картоп сақтайтын қоймалар (сыйымдылығы 1132 тонна), мұздатқышы бар көкөніс қоймасы (600 тонна) салынған. Шаруашылыққа қажетті барлық техникамен қамтылған.Бұдан соң облыс әкімі Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Таң» шаруа қожалығы 10 гектар жердегі жеміс-жидек бағында болды.  Қожалықтың 1000 тонна жеміс-көкөніс сақтауға арналған 3 қоймасы бар. Бердібек Сапарбаев мұндай жобаларға жан-жақты қолдау көрсету керектігін атап өтті.

Өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде көкөніс қоймаларының санын және олардың қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Ол жауапты тұлғаларға әлеуметтік павильондар ашу, көкөніс қоймаларын салу жұмыстарын күшейтуді, аудан әкімдігі мен кәсіпкерлердің өзара әрекетін үйлестіруді тапсырды. Облыс әкімі тұрғындарға азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алуға  мүмкіндігін жасау – басты мақсат екенін атап өтті.Келесі кезекте Бердібек Сапарбаев осы ауылда салынып жатқан 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Мердігер – «Бином» ЖШС үйді келесі жылы тапсыруды жоспарлауда. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған. Сондай-ақ, аудан орталығында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінң құрылысы жүруде. Мердігер – «Әділ-Құрылыс» ЖШС. Кешен көп функционалды болып табылады және түрлі спорттық секциялық жұмыс пен шараларды өткізуге бағытталады. Мұнда ойын және тренажер залдары, сауықтыру рәсімдерін өткізуге арналған кабинеттер, киім шешетін бөлмелер қамтылған. Облыс әкімі мердігерге құрылыс қарқынын арттыруды, ал жауапты тұлғаларға жұмыс сапасын бақылауды тапсырды.

Аймақ басшысы А.Пушкин атындағы № 6 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Сұңқар 2002» ЖШС-нің жұмысын сынға алды. Қарасаз ауылындағы үш қабатты ғимарат 40 оқушыға арналып, 1977 жылы соғылған.Облыс әкімі мердігерге құрылыс қарқынын күшейтуді, ал жауапты тұлғаларға жұмыс сапасын бақылауды тапсырды.Аймақ басшысы А.С. Пушкин атындағы №6 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Сұңқар 2002» ЖШС жұмысын сынға алды. Үш қабатты ғимарат 1977 жылы Қарасаз ауылында салынды, 640 оқушыға арналған.

— Балалар тезірек жаңа, әдемі және жайлы ғимаратта оқуға асығып жүр.  Біздің міндет – өскелең ұрпаққа қолайлы жағдай жасау. Осыны есте сақтаңыздар! Егер мердігер жұмысты осылай баяу қарқынмен жалғастыра беретін болса, онда шара қолдануға тура келеді. Бұлай болмайды. Жұмыс бригадаларының санын көбейту керек, – деп талап етті облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев Шақпақата ауылындағы ірімшік, май және басқа да сүт өнімдерін өндіретін сүт өндеу цехына да ат басын бұрды. Мұнда 5 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Цехта  шетелден жеткізілген, сондай-ақ өздері жасаған  қондырғылар орнатылған.  Басшысы Еламан Пернешов шағын ғана аумақта құрылысқа қажетті темір, ағаш өңдеу бойынша да жұмыстарды қолға алғанын жеткізді.Облыс әкімі ыңғайластырылған цех жұмысына жоғары баға беріп, олардың тәжірибесін облыс бойынша тарату керектігін атап өтті.

— Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жергілікті билік тұрғындардың осындай бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға көмектесуі тиіс, — деді аймақ басшысы.

Бұдан соң Бердібек Сапарбаев Шақпақата және Т.Дүйсебайұлы ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысымен  танысты.Өңір басшысы аудан активімен кездесуде жұмыс сапарының қорытындылап, жауапты тұлғаларға халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.