• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Шу ауданындағы газбен қамту мәселелерін бір апта ішінде шешуді тапсырды

turan_admin turan_admin
29.09.2020, 09:58
Облыс жаңалықтары
Облыс әкімі Шу ауданындағы газбен қамту мәселелерін бір апта ішінде шешуді тапсырды
151
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімдігінде өткен кезекті басқосуға Шу ауданы Төле би ауылының тұрғындарының тұрғын үйлерге газ тарту бойынша мердігердің қымбат қызметтеріне қатысты шағымдары себеп болды. Ауылға газ құбыры бірнеше жыл бұрын тартылғанымен, кейбір үйлер әлі күнге дейін көгілдір отынсыз отыр.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, үйлерге газ жеткізуге жауапты мердігер «Париев» ЖШС. 2016 жылы олардың қызметтерінің бастапқы бағасы 420 мың теңгені құраса, кейіннен ол сома 570 мың теңгеге дейін өскен. Мердігердің айтуынша, құрылыс материалдары қымбаттаған. Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Олар мұндай қаражатты кез-келгенннің қалтасы көтере алмайтындығын айтады.

Шу қаласынан Төле би ауылына дейін ұзындығы 8,7 шақырым магистральды құбырды сатып алу және мемлекет балансына қою үшін облыстық бюджеттен 251,1 миллион теңге бөлінген. Бұл шешім «Париев» ЖШС қызметтерінің бағасын 475 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берген.

Төле би ауылындағы 4200 үйдің 35,2 пайызы ғана газға қосылған. Қалған үйлер қызметтің қымбаттығына байланысты қосыла алмай отыр.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі облыстық департамент «Париев» ЖШС-не қатысты тергеу жүргізді. Меркі аудандық сотына жіберілген іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Дегенмен, Құдайберген Қорғанбаев «Париев» ЖШС өз міндеттемелерін толық орындамағандығын мәлімдеді. Компания техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге мүмкіндік беретін шарт жасаспаған десек, бұл осы жылдың қыркүйегінде Төле би ауылында газдың өшірілуіне әкелген.

«Париев» ЖШС қызмет көрсететін учаскеде тұратын Шу қаласының тұрғындары да осындай мәселені бастан кешірді.

— Жұмыс тобы бір апта ішінде шешімін табуы керек. Компанияның қызметтері басқа аудандарға қарағанда неге қымбат екенін саралаңыздар. Қордай ауданында осы секілді қызмет құны 350 мың, ал Шу ауданында жарты миллионнан асады. Олардың газы алтын емес шығар? Неліктен тұрғындар екі апта бойы газсыз қалады? Тұрғындар қызметтерге үздіксіз ақы төлейді, сондықтан газ да тұрақты берілуі тиіс. Олардың наразылығы орынды. Барлық кінәлілер әділ жазаға тартылуы керек. Ешкімге халықты алдауға жол берілмейді, — деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын баса айтты.

Жиында Бердібек Сапарбаев сонымен қатар Қордай ауданындағы газдандыру жұмыстарын бақылауды тапсырды.  Ағымдағы жылы Қордай ауданының 22 елді мекені көгілдір отынмен қамтамасыз етілуі тиіс.

 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.