• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 04:51
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

turan_admin turan_admin
21.02.2020, 15:47
Облыс жаңалықтары
Облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
914
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік кеңес мүшелері мен жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде кәсіпкерлер өз кәсіптерін кеңейту мен ілгерілету  бағытында кездесіп отырған кедергілер мен туындап отырған мәселелер туралы жеткізіп, қолдауды сұрады.

Өз сөзінде аймақ басшысы кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жеңілдіктердің аз еместігін жеткізіп, солардың бірі ретінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының нәтижесін тілге тиек етті. Сондай-ақ,  Президент барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті жаңа жұмыс орындарын ашу міндетін қойған болатын. Бұл орайда жаңа жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. 

Сондай-ақ, өз Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылдың дамуының берік негізі бола алатынын, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап айтқан болатын.  Ағымдағы жыл басынан бері үш жыл мерзімге шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілеріне барумен тексеруге, профилактикалық бақылауға және қадағалауға жарияланған мораторий күшіне енген. Осыған айрықша назар аудартқан облыс басшысы жергілікті кәсіпкерлерді қолдау тетіктері жалғасатынын жеткізді.

Бұдан соң кәсіпкерлер кезектесіп сөз алып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. «Көк жиек 2030» ЖШС-нің директоры Әбдіқали Бегімбетов аудандардағы жер учаскелеріне қатысты аукциондардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оны электронды түрде өткізудің маңыздылығына тоқталды. Ал, «Бастау-Бизнес» жобасының тренері Жазира Толқабаева ЖСҚ шығындарының құнын төмендету және құрылыс, сәулет және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына ауылдық жерлерге арналған қарапайым бір қабатты типтік жобаларды дайындап, оларды құрылыс комитетімен бірге заңдастыру жұмыстарын жүргізу тиімділігін тілге тиек етті. Ол жобалау жұмыстарының құның айтарлықтай төмендетуге және орындалу уақытын 60 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік бермек екен.

Сондай-ақ, жиында сұранысқа ие мамандардың тапшылығы, нарық талаптарына сай келетін курстардың жоқтығы, мамандардың сапасыз дайындалуы секілді мәселелер көтерілді. Осы орайда қысқа мерзімді курстарға бөлінетін қаржыны тиімді игеру мақсатында тиісті минстрлікке ұсыныстар жолдау жайы сөз болды.

Өзге де бірқатар жеке шаруа қожалықтар өз кәсіптерін кеңейту жолында кездесіп отырған келеңсіздіктерді тілге тиек етіп, қолдауға зәру екендіктерін білдірді. Айталық, «Злиха» шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиев картоп шаруашылығын дамыту үшін тұқым сапасын көтеруге, «Альфа» шаруа қожалығының жетекшісі Бахром Нұралиев ара шаруашылығын өркендетуге демеу керектігін айтты. Сонымен қатар, жиында өңірімізде малина шаруашылығын кеңейту, моноқалалардың кәсіпкерлерін қолдау бағытында несиелеу жұмыстарын екінші деңгейлі банктер емес, «Даму» қоры арқылы қаржыландыру туралы орамды ойлар ортаға салынды. Ол ғана емес, тігін, жихаз өнеркәсіптерін өркендетуге қолбайлау болып отырған мәселелер де талқыланды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы «бизнес үшін үкімет» сервисін іске асыру мақсатында ыңғайлы ғимарат бойынша ұсыныстар көтеріп, «мобилді жұмыспен қамту орталықтарын» құру бойынша жұмыстар барысы сараланды.

Жиынды қорытындылаған Бердібек Сапарбаев барлық ұсыныстар мен мәселелер ескерусіз қалмайтынын баса айтып, өңірдегі кәсіпкерлік саласы нарық талаптарына ыңғайлану керектігін, өңірдегі сұраныстарды алдымен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерімен қанағаттандыру,  ол үшін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын күшейте түсудің маңыздылығын жеткізді. Дегенмен бұл тұрғыда басты талап – сапа мен бағаның тиімділігі екендігін ескерусіз қалдырмады. 

Ара шаруашылығын дамытуды қолға алу, малина, картоп егістігі мен тұқым сапасын арттыра отырып, бұл өнімдерге деген облыс халқының сұранысын толығымен қанағаттандыру мүмкіншіліктері назарға алынды.

Облыс әкімі көтерілген кейбір мәселелер бойынша анықтау, зерделеу шаралары атқарылатынын,  мемлекеттік қолдау тетіктерін барынша пайдалану қажеттілігін айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.