• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ БЕЛГІЛІ АҚЫН КҮЛӘШ АХМЕТОВАНЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

turan_admin turan_admin
26.04.2021, 09:58
Облыс жаңалықтары
ОБЛЫС ӘКІМІ БЕЛГІЛІ АҚЫН КҮЛӘШ АХМЕТОВАНЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
1.5k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев танымал жамбылдық ақын Күләш Ахметованы 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап барды.

Облыс әкімі белгілі қаламгерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізіп, оқып берді. Мемлекет басшысы Күләш Ахметованың өлеңдерінің өміршеңдігін атап өткен. Оның шығармашылығындағы лирикалық образдар жарқын әрі нақ суреттеліп, дүниедегі құбылыстар ақын көзқарасымен оқырмандарын еріксіз баурайтындығы айтылған. Өз құттықтауында Президент Күләш Ахметоваға зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеген.

Бердібек Сапарбаев ақынды мерейтойымен құттықтап, гүл шоғын табыс етті.

— Сіздің өлеңдеріңізді бірнеше жас буын ұрпақ сүйіп оқып, өсті. Шығармашылығыңыздың негізі адал достық пен махаббат, жомарттық пен патриотизм десек, сол арқылы жас ұрпақты дұрыс жолға тәрбиелеуге үлес қосып келесіз. Сіздің парасатты поэзияңыз арқылы қалың оқырман ой түйіп, жақсылыққа ұмтылып, бойың түзейді, — деп атап өтті өңір басшысы.

Күләш Ахметова ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «Құрмет” орденінің иегері. Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Қарапайым отбасында дүниеге келген Күләш Ахметованың өмір жолы оңай болмады. Оның ерекше таланты балалық шағында байқалып, 14 жасында-ақ жүрекжарды балауса жыр жолдарын қағаз бетіне түсіре бастады. Бүгінде ақынның нәзік лирикалық және патриоттық тақырыптағы отты өлеңдері ойлы оқырмандарының жүрек төрінен орын алып келеді. Тұлғаның Қазақ даласындағы Сөз бен Әннің ұлы рөлі туралы ойлары халықтық аңыз-әңгімелермен ұштасады. Күләш Ахметова «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ — жаздың жүрегі» және тағы да басқа бірқатар кітаптардың авторы. Ол кеңестік кезеңде Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанған санаулы мәдениет қайраткерлерінің бірі. Күләш Ахметова қолынан қаламын тастамай, бүгінде өз шығармаларында патриоттық тәрбиеге, туған жерге деген сүйіспеншілікке айрықша басымдық беріп келеді.

Мерейтойы қарсаңында Күләш Ахметованың жаңа бес томдық шығармалар жинағы жарық көріп, оқырманға жол тартты. Карантиндік шектеулерге байланысты мерейтойлық негізгі шаралар күзде өткізілмек. Соған орай ақынның Отанға арналған жаңа кітабы жарық көреді деп күтілуде. Оған Қазақстанның әр аймағындағы табиғаттың сұлу көріністері суреттелген өлеңдер топтамасы енеді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.