• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Оқушылардың мектептегі ас мәзірінде бал мен сүт болуы тиіс – Жамалов

turan_admin turan_admin
20.07.2021, 20:54
Облыс жаңалықтары
Оқушылардың мектептегі ас мәзірінде бал мен сүт болуы тиіс – Жамалов
329
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектептердегі қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жүйелі қолға алынған. Мәселен Тараз қаласындағы барлық мектепке дабыл нүктесін орнату, бейнекамераларын полиция департаментімен интеграциялауға 107,2 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары басталды.

Бұл туралы Жамбыл облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов айтты. Жалпы аймақтағы жауапты ведомство өз жұмысын еліміздегі білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырып жатыр.

Жамбыл облысында 782 білім нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 442-сі мектеп, 227-сі балабақша, 21-і колледж, 59-ы қосымша білім беру ұйымдары, 4-еі кешкі мектеп, 17-сі ПМПК, 4-еуі мектеп-интернат, 1-еуі арнаулы мектеп және 7-еуі басқа білім мекемесі. Биылғы қаңтар айынан бастап өңірдегі барлық аудан мен Тараз қаласындағы білім бөлімдері тиісті әкімдіктердің бағынысынан басқармаға өтті, — деген ол білім нысандарындағы қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.

Өңірде қоршауы жоқ 5 мектеп болса, олар аудандарда орналасқан және бұл проблемалары кезең-кезеңімен шешілетін болады. Мәселен биыл Қордай ауданындағы Күнбатыс ауылындағы апатты мектеп орнына салынатын жаңа құрылыс арқылы шешімін табуда.

Талғат Салқанұлының айтуынша, 2019-2020 жылдары робототехника кабинеттерін сатып алу шаралары аудандар мен Тараз қаласының бюджеттері есебінен жүргізілген. Мұндағы баға айырмасы сатып алынған кабинеттердің техникалық ерекшеліктеріне байланысты болған. Мысалы, кабинетті жабдықтау бойынша жасақталатын техникалық ерекшеліктері, құрылғылар саны, көлемі мен сапасы ескерілген.

Өткен жылы пандемиялық ахуалдың салдарын ескере отырып қашықтан оқыту үрдісі енгізілген болатын. Сол тұста аз қамтылған отбасыларға компьютерлер, ноутбуктар және планшеттер мен роутерлер сатып алынды. Мемлекеттік сатып алу шаралары республикалық ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде арнайы тәртіппен жүргізілді. Барлық аудан мен Тараз қаласының білім бөлімдері 2020 жылдың наурыз-мамыр айларында жалпыға білім беру қорының үнемделген қаражаты есебінен компьютерлік техникалар сатып алды. Бұл техниканың бірыңғай бекітілген бағасы мен техникалық ерекшеліктері болған жоқ. Бағаның әркелкі болуының басты себебі осыда, — деді басқарма өкілі.

Осы орайда, білім бөлімдері тауар ұсынушылармен ұсынылған бағаға техника сатып алып, аз қамтылған отбасы балаларына таратқан. Бұдан өзге, республикалық бюджет есебінен 4,1 млрд теңгеге 26 483 дана компьютерлік техника бір көзден сатып алынып, аудандар мен Тараз қаласындағы оқушыларға үлестірілді. Нақтылай айтқанда, 2 756 дана компьютер – 199 мың теңгеден, 20 156 дана ноутбук – 161 мың теңгеден, 3 751 планшет 82 мың теңгеден сатып алынған.

Білім ошақтарына турникет қондырғыларын орнатудағы баға айырмашылығы сапасына тікелей байланысты болды. Мысалы Сарысу мен Жуалы аудандарында орнатылған турникеттердің бағасы 1 мектепке орта есеппен 3 млн теңгені құраса, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында 1 мектепке орнатылған турникеттердің бағасы 8,8 млн теңгеге жетті, — деген жауапты маман мектептердегі санитарлық тораптарды ғимарат ішіне ұйымдастыру жұмыстарын сөз етті.

Бұл шара барысында бағаның әркелкі болып қалыптасуы инфрақұрылым жүйелері мен ыңғайластырылған жайларды шешу есебінен болған. Яғни, мектептердің жобалық қуаттылығы мен бала сыйымдылығына сәйкес тораптардың саны мен кәріз жүйелері немесе септик орналастыру мәселесі орын алды.

Т.Жамалов мектептердегі ыстық тамақпен қамту мәселесі биылдан бастап әр балаға күніне 450 теңгеден қарастырылғанын мәлімдеді.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге ас мәзіріне міндетті түрде бал мен сүт қосу талабы қойылыпты. Жаңа оқу жылында дәстүрлі оқу үрдісіне көшкен жағдайда бұл талаптардың сақталуы қатаң қадағаланатын болады.

2020-2021 оқу жылында Тараз қаласынан 2 инклюзияны қолдау кабинеті, Қордай ауданынан 1 ресурстық кабинет, 2 мектептен психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің филиалдары ашылып, оған 150 ерекше білімді қажет ететін балалар қамтылды. Биыл Тараз қаласындағы 0-18 жас аралығындағы бала санының өсіміне байланысты 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясын, аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған орталық ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар демеушілер есебінен биыл Тараз қаласында коррекциялық психологиялық-педагогикалық кабинет ашылатын болады, — деді Талғат Салқанұлы.

Оның айтуынша, өңірдегі инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер саны – 176, мектептер саны 390-ды құрайды. Жыл соңына дейін белгіленген межеге қол жеткізілмек. Жамбыл облысындағы барлық 442 мектеп интернет желісімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде қалалық жерде орналасқан 91 мектептің интернет жылдамдығы 10-100 мбит/с аралығында.

Білім және ғылым министрлігі былтыр «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» ақпараттық жүйесін енгізді. Өңірде бұған дейін білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатында енгізіліп келген ақпараттық жүйелерді – edugarden.kz, eduschool.kz, edusystems.kz, zhambyltipo.kz-ті тоқтатып, қаңтар айынан бастап министірлік енгізген тегін ақпараттық жүйесіне көшті. Алайда бұл жүйеде «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою», «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» сынды мемлекеттік қызметтер автоматтандырылғанымен, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті басқару және реттеу модулі қарастырылмаған, — деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Жалпы аймақтағы қалалық жерде орналасқан 43 балабақшаның интернет жылдамдығы 4 мбит/с және одан төмен екен. Спикердің сөзінше, шалғай елді мекендерде халықты интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстары тиісті әкімдердің құзырында.

Талғат Жамалов Жамбыл облысындағы оқушылардың 75 %-ы техникалық-шығармашылық, спорттық және басқа да үйірмелерге тартылғанын жеткізді. Балаларды қосымша біліммен қамту шаралары биылан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асырылмақ. Соның есебінен, қосымша біліммен қамтылған жеткіншектер қатары едәуір өседі күтілуде. Бұл шараға тек жекеменшік сектордағы ұйымдар қатыса алады екен. Ал мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарлы жүргізіледі. Сондай-ақ Тараз қаласында «Оқушылар сарайының» құрылысы жүруде, оған замануи құрылғылар мен білікті мамандар тартылатын болады.

2019-2020 жылдары білім нысандарының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 14,4 млрд теңге қаржы қаралып, 23 білім нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 2019 жылы 17 білім мекемесінің құрылысын жүргізуге 3,6 млрд теңге бөлініп, 9 білім ошағы ашылды. Нәтижесінде, 3 апатты мектептің, 3 үш ауысымды, 3 оқушы орны тапшылығы бар мектептің мәселесі шешілді. Ал былтыр 14 нысан оқушылар игілігіне ұсынылып, 2 апатты мектептің, 1 үш ауысымды, 2 тозығы жеткен, 2 оқушы орны тапшылығы бар мектептің проблемасы шешімін тапты. 8 мектептің құрылысы әлі жалғасып жатыр, — деді жауапты маман.

Басқарма өкілінің мәліметіне сүйенсек, биыл 23 білім нысанының құрылысын жүргізуге 8,9 млрд теңге қарастырылыпты. Оның 11-і жақын арада пайдалануға берілмек, 12-сі келесі жылға өтпелі екен. Ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың есебінен 2 апатты, 3 үш ауысымды, 2 оқушы орны тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептердің мәселесі шешілетін болады.

Әсел Мұратбекқызы

 

Тегтер: #Оқушы # мектеп # ас мәзірі # бал # сүт # Жамалов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.