ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалы және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Аса ауылындағы «Өнер мектебінде» аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау процесінің ұйымдастырушылық-құқықтық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері және сайлау процесінің ерекшеліктері туралы білім алу арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыруды мақсат еткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.
Бұдан кейін қатысушылар оқыту процесіне назар аударды. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева, Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Арын Асқаров, Меркі және Шу аудандық сайлау комиссияларының хатшылары Гүлмира Далиева мен Бауыржан Стыбаев сынды электораттық оқытудың сертификатталған тренерлері күн тәртібіндегі мәселе бойынша дәріс оқып, оқу-практикалық сабақтар жүргізді.
Семинар-кеңесте Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген санитарлық талаптардың сақталғанын айта кеткен жөн.
Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».






