• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНЕ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ОНДАҒАН ШАҒЫМ ТҮСТІ

26.07.2022
0
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНЕ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ОНДАҒАН ШАҒЫМ ТҮСТІ
114
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Оқу-ағарту министрлігіне балабақшалардың жұмысына қатысты ондаған арыз-шағым түсіп жатыр.

Өтініштердің арасында балаларды ұстау жағдайлары, сондай-ақ қызметкерлердің жұмысы мен балалардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру туралы шағымдар бар.

Соңғы түскен арыз-шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілері бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды.

Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты 15 әкімшілік іс қозғады.

Резонанс тудырған оқиғалардың бірі — Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәті» жекеменшік балабақшасында бүлдіршіндерге қатысты теріс қылық фактілері тіркелген оқиға. Онда балабақша қызметкерлері балаларды еденге сүйреп, бұрышқа тұрғызып, еденге итеріп, жылауын тоқтатуға мәжбүрлеген.

Атырау қаласындағы жекеменшік мектепке дейінгі мекемеде топтағы балалардың көп болуына байланысты тәрбиеші балаларға дұрыс бақылау жүргізбеген. Соның салдарынан балабақшаның үш тәрбиеленушісі 2019 жылы туған қызды ұрып-соғып, жарақаттаған.

Қызылордада жекеменшік балабақшалардың бірінің жүргізушісі мекемеге 7 баланы алып келген. Балаларды балабақшаға кіргізген тәрбиешінің көмекшісі бір баланың көшеде қалып қойғанын байқамай қалған. Жүргізуші де балаға мән бермей, баланы қағып кеткен. Салдарынан бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Теміртауда қыздың бетін көрпемен жауып, баланы тұншықтырмақ болған мұғалімге қатысты үкім шықты. Сот тәрбиешіні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 120 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Ақтөбе қаласындағы «Ботақан» жеке балабақшасының 4 жасар тәрбиеленушісі күндіз баспалдақтан құлау салдарынан тамақ аймағынан (иек асты) дене жарақатын алды. Оқиға туралы ата-анасына ешкім айтпаған, ата-ана оқиға туралы кешкі уақытта ғана біледі. Балабақша әкімшілігі балаға алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Ата-ананың осы жайды анықтап беруін сұрағанда  балабақша меңгерушісі «Балаңызды біздің балабақшадан алыңыз, ұнамаса әкелмеуіңіз керек еді» деп дөрекі жауап берген.

Балалар емханасында балаға тігіс салынып, жараның ауырлығына байланысты антибиотиктер тағайындалды.

Учаскелік полицейлер балабақшадан тәркілеген бейнежазбаға сәйкес, бала дене жарақатын алғаны расталып отыр. Видеода бала жылап, иегінен ұстап, өзі дәретханаға барады, қанды өзі жуады, топқа барып, жатады. Бейнежазбада балалар өз беттерімен қалып, ересектерсіз балабақшаның екінші қабатында жатқаны да байқалады. Тәрбиелеуші  20 минут өткен соң келіп, 4 жасар қыздың жейдесін ауыстырады.

ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабының 3-бөлігімен балабақша меңгерушісіне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, балабақша ашу және жұмыс істеу үшін уәкілетті органға хабарлама жіберу жеткілікті. Сонымен қатар, мемлекеттің балабақшаларда қандай жағдай жасалғанын, қабылданған тәрбиешілердің біліктілігі қандай, санитарлық-өрт жағдайы ең төменгі талаптарға сай ма, соны бақылау қызметі  жоқ. Білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымдарды аралап, тексеруге заңды құқығы жоқ.

Осыған байланысты балабақшалардың лицензиясын қайтару қолға алынып жатыр. Бұл балабақшалардағы жағдайдың сапасына, қызметкерлердің біліктілігіне, санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына, тамақ өнімдерінің сапасына, бейнебақылау камераларының жұмысына және т.б. талаптарды белгілейді.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты