• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қоғамдық келісім – ел дамуының негізі: Таразда халықаралық конференция өтуде

turan_admin turan_admin
14.10.2021, 15:04
Облыс жаңалықтары
Қоғамдық келісім – ел дамуының негізі: Таразда халықаралық конференция өтуде
425
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекетіміздің дамуы мен өсіп-өркендеуінің темірқазығына айналған этносаралық татулық пен өзара келісімді сақтау және оны бағалай білу – баршаның мерейлі міндеті.

Таразда өтіп жатқан «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда бұл туралы жан-жақты айтылды.

Жиынға 200-ден аса этносаралық қатынастар және конфликтология саласындағы Ресей, Украина, Израиль, Болгария, Өзбекстан мемлекеттерінен келген және отандық сарапшылар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратура, Ұлттық экономика, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінің, философия, саясаттану және дінтану институттарының өкілдері қатысты.

Шараның ашылуында облыс әкімі Б. Сапарбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған хатын қатысушыларға таныстырды.

Мемлекет басшысының хатында этносаралық келісім – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған, бүгінде бүкіл қоғамымыздың және әрбір азаматтың міндеті болып табылатын бағыт екендігі, бұл бірегей модель әлемдік қауымдастық деңгейінде лайықты бағаға ие болғандығы айтылған. Мемлекет басшысы ұйымшылдық пен жасампаз еңбектің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, лайықты беделге ие тұрақты мемлекет құра алғанымызды айрықша атап өтіп, конференция жұмысына сәттілік тілеген.

Бердібек Сапарбаев этносаралық келісімді нығайтудағы аймақтық тәжірибенің маңызды бағыттарына жан-жақты тоқталды.

— Кез-келген елдің күші – оның халқының бірлігінде. Елбасы, Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлы «Тұрақтылық пен келісім – бұл жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа жүргізіліп отыратын күнделікті жұмыс болуы тиіс» деп атап өткен болатын.

Жамбыл облысы республикада этностардың көп шоғырланған өңірлердің бірі.  87 ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.  Олар облыс аумағының 7 ауданындағы 25 елді мекенде тұрады. Әр ауылдың әлеуметтік карталар жасалынды. Негізгі мақсат – халықты толғандыратын, наразылық тудыратын мәселелерді анықтау, олардың шешілуіне көмектесі.

Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бүгінгі таңда олардың саны 75-ке жетті,- деді аймақ басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы толеранттылықты нығайтуда айрықша   маңызға ие болды. Жоба аясында жыл басынан бері 145 елді мекенде кездесулер өтіп, тұрғындарды алаңдататын негізгі мәселелер анықталды. Оларды шешу үшін арнайы Жол картасы әзірленді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов қоғамдық келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы баяндады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров  «Жаңа геосаяси жағдайларда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің маңыздылығы», Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат  Тлепов «Жаңа азаматтық бірегейлік – XXI ғасырдағы этносаралық келісімнің формуласы», Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров «Қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының рөлі» тақырыптарында ойларын ортаға салды.

Барлық қатысушылар қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – еліміздің ең жоғары байлығы екендігін, мұндай маңызды құндылықтардың жолында әрбір Қазақстан азаматы аянбай еңбек ету керектігін баса айтты.

Екі күнге жоспарланған конференция жұмысы негізгі тақырып аясындағы төрт секция бөлінісінде жалғасуда. Онда  отандық және шетелдік спикерлер баяндама жасауда

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.